Шығыс Қазақстан облысында Altay Golden Fest этномәдениет фестивалі өтеді

19-21 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында Altay Golden Fest этномәдениет фестивалі өтеді.

Фестиваль іс-шаралары үш түрлі алаңда өткізіледі:


19 тамыз

16:00 – Риддер қаласының Мәдениет сарайында қала әкімі Д.А. Горькова, ұйымдастырушылар, турбазалардың директорлары және т.б. қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

17:00 – мәдениет сарайының жанындағы алаңда ресми тұлғалардың қатысуымен фестивальдің салтанатты ашылуы.

Сондай-ақ, сіздерді Риддер және көрші өңірлердің этномәдени ұжымдары мен бірлестіктерінің концерттері күтеді. Шақырылған арнайы қонақ – Ресейдің Челябинск қаласынан «Түрген Кам» этно-тобы. Әртістер көмеймен ән айтудың әртүрлі стилдерімен өнер көрсетеді.

Концертпен бір мезгілде өтетін шеберлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, ал кішкентай көрермендер үшін арнайы балалар алаңы дайындалады.

 Сонымен қатар сіз қызықты эксклюзивті турларды сатып ала аласыз: Шығыс Қазақстан облысының ең әдемі және жұмбақ шыңдарының бірі – Белуха тауының етегіне тікұшақ туры немесе Риддер маңындағы Ивановка жотасының табиғи көрікті жері – радон көліне жол талғамайтын көлікпен серуендеу.

 

20 және 21 тамыз (іс-шаралар қатар түрлі жерлерде өтеді)

«Медовый спас». Өтетін жері – қала ішінде орналасқан «Громотуха» демалыс орталығы. Келушілер Алтай балының көптеген түрлерін бағалай алады. Іс-шара бағдарламасында: «Триполье» тобын құрған ерлі-зайыптылар Владимир мен Наталья Борисовтар концертті, түрлі шеберлік кластары өтеді. «Триполье» тобы көрермендерге этникалық славян музыкасын ұсынады.

 «Тайга музыкасы». Өтетін жері – Риддерден 50 шақырым жерде, «Черная Уба» экологиялық кентінде орналасқан. Мұнда қонақтар тайганың жұмбақ әлеміне енеді. Бағдарламада орман экскурсиялары, арнайы алаңдардан жануарларды бақылау, Илья Мордовецтің глюкофоны мен Марина Широкийдің сылдырмақтары арқылы тұмса табиғаттың дыбыстарын сезінуге болады. Сондай-ақ, саяхатшылар Черная Уба өзенінде жүзіп, табиғаттағы басқа да іс-шараларға қатыса алады.

 

Фестиваль ұйымдастырушылары: Риддер қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Ветер странствий» ақпараттық порталы, Kompas туроператоры.

 

Риддер қаласындағы ұйымдастыру сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 777 811 1313

Altay Golden Fest турларын өз қалаңыздың туристік агенттіктерінен сатып алуға болады.

Туристер үшін байланыс kompastour.com Алматы:

Туристерге арналған пошта: travel@kompastour.kz

БАҚ телефоны: +77273556035

WhatsApp телефоны: +77003001752

Достарыңызға айтыңыз: