Ұлттық киімдегі туроператорлар Қазақстанды Жапонияда таныстырды

22-25 қыркүйек аралығында Жапония астанасында Tourism EXPO Japan халықаралық туристік көрмесі өтуде. Оған 136 елден 1400-ге жуық экспоненттер, сонымен қатар 200 000-нан астам келушілер қатысады.

Қазақстанның туристік дестинация ретінде алға ілгерілету стратегиясына сәйкес Жапония Қазақстан үшін перспективалы мақсатты нарықтардың бірі болып табылады. Бұл Жапония азаматтары үшін визасыз режим орнатылғанына байланысты. Жапония халқының саны-126 млн.адам, жыл сайын Жапониядан 16-18 млн. турист шығады және басқа шетелдік туристерге қарағанда саяхаттарында орташа есеппен 2-3 есе көп жұмсайды. Жапония шығу туризмін дамыту жылдамдығы бойынша 15-ші орынды және халықаралық туризмге жұмсалған шығындар бойынша 4-ші орынды алады.

Жапонияның Қазақстанға қарағанда аумағы әлдеқайда аз болғандықтан және ел ішінде таулар көп болғандықтан, Қазақстанның Ұлы Даласы мен шексіз көкжиегі жапон туристері үшін өте сирек кездесетін және өте тартымды құбылыс. Саяхат кезінде жапондар осы аймақта сатылатын жергілікті сувенирлерді сатып алуды жөн көреді.

Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанға Орталық Азияның туризмін ілгерілету бойынша қолдау көрсетеді.

Өңірлік туризмді ілгерілету жөніндегі бастамалардың бірі ретінде JICA бес елдің Орталық Азияның бірыңғай стендінің астында Токио қаласындағы Tourism EXPO Japan 2022 көрмесіне өтеусіз негізде қатысуын ұйымдастырды.

Бірыңғай стендтің көрме алаңы Орталық Азияның барлық бес елі арасында тең бөлінген 126 м2 құрайды.

Қазақстан осы көрме аясында ұлттық тағамдардан дәм татуды ұйымдастырады, сондай-ақ стендке келушілерді ұлттық мәдениетпен таныстырады.

"Біз үшін Орталық Азия елдерімен бірлескен стендке қатысу үлкен тәжірибе. Әр ел өз ерекшелігін көрсетеді, және біздің стенд бүкіл көрмеге ең көп келгендердің біріне айналғанына өте қуаныштымын. Қазақстанға деген қызығушылықтың жоғары болуына байланысты бізбен бірге сапарға шығуға бел буған туроператорлардың тыныс алуына уақыт жоқ және жапондық шығыс бағытта жасайтын туркомпаниялармен үнемі келіссөздер жүргізіп отырады",-дейді Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының төрағасы Талғат Аманбаев.

Kazakh Tourism "Қазақконцерттің" қолдауымен көрмеге қазақстандық делегацияның ұлттық киіммен қатысуын ұйымдастырды.

Қазақстандық стендтің ұйымдастырушылары атап өткендей, еліміздің осы көрмеге қатысуы туристік әлеуетін ғана емес, салт-дәстүрін, мәдениетін тануды арттыруға, шетелдік аудиторияны заманауи Қазақстанмен, оның креативті құрамдасымен және цифрландыру бойынша табыстарымен таныстыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, көрмеге қатысу шетелдік туристерді қабылдауға жұмыс істейтін отандық туристік компанияларға пәрменді көмек көрсетеді. Аталған алаңда турбизнес өкілдері іскерлік байланыстарды реттеп, әлеуетті серіктестермен B2B кездесулерін өткізе алады. Бұл іс-шара кіріс ағынының ұлғаюына ықпал етеді.
Достарыңызға айтыңыз: