Еліміздің ең әдемі автожол маршруттары туралы бес бейнероликті inDriver және Kazakh Тourism бірлескен жобасында жасады. Бұл Қазақстандағы «slow television» форматындағы алғашқы бейне жоба.

29 қараша 2022, Алматы. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен Көлік және тұрмыстық қызметтердің халықаралық inDriver IT-платформасы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Soulful Tracks арнайы жобасын іске қосты. Ол жобада «slow television» танымал форматындағы бес бейнеролик дайындалған. Видеожазбада Қазақстанның әртүрлі автожол маршруттарын «іnDriver қалааралық» және «inDriver жүк көлігі» жүргізушілердің көзімен көрсетеді. Бұл жоба жол сияқты қалыпты дүниеге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жасалған видеоның жолдауы жолаушылардың көзқарастарын гаджеттерден алшақтатып, айналасындағы сұлулықты көруге және Қазақстан табиғатының ерекше таңғажайып табиғатын жол-жөнекей тамашалауға арналған.

Жоба туралы

inDriver компаниясы Kazakh Tourism компаниясымен бірлесіп, бейнекамераларды көліктерге орнатып, Қазақстанның бес танымал қалааралық бағытын таңдап, жүріп өткен. Түсірілім әр бағыт бойынша 360 градус форматында жүргізілді. Нәтижесінде түсірілген 5 бейнеролик «slow television» бойынша өңделіп, ашық платформарларға жүктелді. Қазақстанның жолдарын дәл осылай әлі ешкім көрмеген!

Бес маршрут, бес көлік, бес музыкалық көңіл-күй!

Роликтердің музыкалық сүйемелдеуін ерекше атап өткен жөн. Әр бағытқа арнап әнді қазақстандық бес танымал диджейлер шығарды. Олар шығармашылық арқылы туған ел туралы түсініктерін жеткізуге тырысты. Ән мен жолдың тіркесі жобаның ағылшынша атауында арнайы ойналады («track» сөзі «жол» болып та, «музыкалық трек» деп те аударылады). 

Жобаның мақсаты

Қазіргі таңда гаджеттер адам өмірін жеңілдеткенімен, оны аса көп пайдалану жолда кездесетін сұлулықты көзден жасырады. Әсем табиғатты тамашалаудың орнына телефон бетінде 3 рет басу, 50 км, 1000 теңге деп басып отырумен ғана шектеліп отырамыз. Ал, inDriver сервисі қатып қалған алгоритмдерден адамдар одан үстем екеніне сенеді және аталған жағдайды түзеткісі келеді. Сондай-ақ, inDriver сервисі жолда жүрудің өзіндік ерекше сезімінің, романтикасының жоғалмағанын көрсеткісі келді. Бұл сервисте сіз әрқашан бағасын өзіңіз ұсынып, қала бойынша да, қала арасында да әртүрлі бағытқа сапар шеге аласыз. Адамның көз жауын алатын жолдағы керемет сұлулық, тіпті сіз іссапарлатып немесе жүк тасылмалдап жатсаңыз да, ол да қызықты оқиғаның бір бөлшегі. Міне, дәл осының барлығы туралы Soulful Tracks жобасы көрсетеді.

 

Soulful Tracks Маршруттары

1-Маршрут. Алматы-Көлсай

Жол талғамайтын көлік түрі

Музыка - DJ Nazira

 

2-Маршрут. Алматы-Бесмойнақ

Машина түрі - Газель

Музыка-DJ Edige

 

3-Маршрут. Астана-Бурабай

Машина түрі - жеңіл көлік

Музыка-DJ Nurboogie

 

4-Маршрут. Астана-Баянауыл

Машина түрі - Кроссовер

Музыка-DJ Nina_songa

 

5-Маршрут. Покровка-Талдықорған

Машина түрі - Жүк көлік

Музыка-DJ Aki

 

«Қазақстан әдемі жерлерге бай, ал жол жүргізуші мен жолаушыларға жол ыңғайлы бола алады және болуы да керек. Soulful Tracks жобасын біз стереотипті Қазақстанды емес, жанға жайлы елді көрсету үшін жасадық. Еліміздің танымал диджейлерін осы жерлердің қайталанбас атмосферасын жеткізу үшін, саяхаттауға арнап саундтректер жазуға шақырдық. Бізге Қазақстанды жансыз алгоритмдер емес адамның көзімен көрсету маңызды болды», - дейді inDriver компаниясының арнайы жобалар бөлімінің басшысы Владислав Ревенко.

«Біз бұл inDrive жобасын қуана қолдадық. Қазақстанның сұлулығын жаңа форматта көрсету өте қызықты шешім. Өйткені терезенің сыртындағы сурет бір бағыттан екіншісіне қарай өзгеріп тұрады. Ал бұл Қазақстанның туризмін, оның кең даладан басталып қарлы шыңдардан аяқталатын маргруттарын сиппаттайтын көрініс», - дейді «Kazakh tourism» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы.

 

Сіз сілтеме бойынша видеороликтерді көріп, еліміздің көзтоймас сұлулығын музыкалық композициялармен тамашалай аласыз https://www.youtube.com/playlist?list=PL0_sVTc6ApjfoAnBR7jeyaiYyzzj0ncGM.

Кейбіреулер үшін бұл бейнежазба медитацияның бір түріне айналуы мүмкін. Себебі, ешқайда шықпай ақ виртуалды саяхаттауға болады. Ал басқа біреулер үшін ролиткер көре салысымен саяхаттқа шығуға серпін беруі де мүмкін. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның туристері мен қонақтары үшін елімізбен танысуға тамаша мүмкіндік.

Достарыңызға айтыңыз: