IBTM Barcelona аясында воркшопқа қатысуға шақырамыз

Құрметті серіктестер! IBTM World Barcelona 2018 халықаралық туристік MICE көрмесі шеңберінде 2018 жылғы 27 қарашада Барселона қаласында "Kazakh Tourism" ҰК АҚ қазақстандық және халықаралық MICE компанияларының қатысуымен іскерлік және оқиғалық туризм бойынша workshop өткізеді. Аталған іс-шара барысында Қазақстанның Іскерлік туризм саласындағы әлеуетінің тұсаукесері, сондай-ақ мақсаты MICE туризм саласындағы қазақстандық компаниялар мен шақырылған MICE агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылатын B2B кездесулер өтеді. Аталған іс-шараға қатысу үшін қазақстандық MICE компаниялары шақырылады. Қатысуға ниет білдірушілер өтінімдерді мына электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: a.kaliyeva@qaztourism.kz өтінімдер 14 қарашаға дейін, 12:00-ден кешіктірілмей қабылданады. Сіз сондай-ақ келесі сілтеме бойынша өтіп, іс-шараға қатысу үшін тіркеле аласыз: https://goo.gl/forms/qEMvAvz3iUCp2Wgu2 сізден өз өкілдеріңіз үшін виза алу туралы уақтылы және өз бетіңізше қамқорлық жасауды сұраймыз. Іс-шараны өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат қосымша жіберілетін болады. Біздің [Facebook] парақшамыздағы жаңартуларды қадағалауыңызды сұраймыз(https://www.facebook.com/qazaqtourism/).

Достарыңызға айтыңыз: