«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін Директорлар кеңесінің шешімімен сатып алуды орталықтандырылған бақылау қызметі (бұдан әрі - Қызмет) құрылды.

Сатып алу ережелерінің бұзылуына тап болған Қоғамның әлеуетті өнім берушілері «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 186-4-бабында белгіленген тәртіпте және мерзімде тапсырыс берушінің әрекеті немесе әрекетсіздігіне, шешімдеріне шағым жасауға құқылы. Сатып алуды жүзеге асыратын Компанияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымды Қызметке мына мекенжай бойынша беруге болады: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/14 Блок С2. 1 каб 2.1.9. Сіз электронды сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы да шағым бере аласыз.