"Kazakh Tourism" ҰК " АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, Ұлттық компанияның кеңсесінде Басқарма мүшелерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар

"Kazakh Tourism" ҰК " АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, Ұлттық компанияның кеңсесінде Басқарма мүшелерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар

"Kazakh Tourism "ҰК" АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Ұлттық компанияның кеңсесінде Басқарма мүшелері мен ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда "Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы М.Б. Қамзолдаев және ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, жобалық кеңсенің менеджері М. М. Дюйсенов алдын алу шаралары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ оның көріністеріне төзбеушілік саясатын қалыптастыру бойынша құқықтық жаппай оқыту өткізді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Ж. Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша семинар өткізді.

Осы семинар шеңберінде Ұлттық компания мен Департамент арасында компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды көздейтін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Достарыңызға айтыңыз: