Халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 Наурызда 08 сағат 00 минуттан 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге төтенше жағдай енгізілді.
9,932
Тіркелген жағдайлар |
4,900
Сауыққандар |
37
Өлім жағдайлары |
Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне арналған шаралар мен уақытша шектеулер:
- қоғамдық тәртіпті сақтауды, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимді, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерді, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді күзетуді күшейту
- ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуін шектеу;
- сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұру;
- карантин енгізу, ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қатысуымен жүзеге асыру;
- ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналын және шет мемлекеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына келуге, сондай-ақ оның аумағынан көліктің барлық түрлерімен шығуға шектеу қою.
Уақытша болатын елдерден туристер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағына жедел қайтаруды қамтамасыз ету |
18 наурыздағы жағдай бойынша туроператорлар арқылы шетелде демалыста 5914 турист болған. Тұрақты рейстермен 1472 адам, чартерлік рейстермен 1491 адам оралды. 21 наурызда чартерлік рейстерде қайтару - 1367 адам, ал 24 наурызға дейін қайтару-тағы 1250 адам. Қалған 334 адам Мәскеу, Самара, Новосибирск, Орынбор, Омбы, Екатеринбург, Челябинск, Барнаул қалаларының әуежайлары арқылы транзитпен ресейлік авиакомпаниялардың әуе кемелерімен тұрақты рейстерде қайтарылды. |
Қазақстанның туристік саласын мемлекеттік қолдау және ішкі туризмін ілгерілету шаралары туралы
Спикерлер:
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
- "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ төрағасы Ержан Еркінбаев
- Оқиғалар маркетингі және "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Арнайы жобалар департаментінің директоры Даниел Сержанұлы
- Модератор: Әлібек Әбділов.