Атырау облысында «LOTUS FEST-2025» фестивалі өтеді

Атырау облысында «LOTUS FEST-2025» фестивалі өтеді


26 шілдеден бастап Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUS FEST-2025» халықаралық фестивалі басталады. Басты назар Қиғаш өзенінің бойында табиғиортада өсетін лотостың гүлденуіне аударылады. Туристер мен аймақ тұрғындарысирек кездесетін құбылыстың куәсі бола алады. 

Лотостың гүлдеуі - Атырау облысындағы жаздың маңызды оқиғаларының бірі. Бірегейкөріністі «LOTUS FEST-2025» фестивалі аясында 26 тамызға дейін тамашалауғамүмкіндік бар. Жайқалған алқаптағы гүлдерге зиян келмес үшін келушілерге арнайыбақылау алаңы жабдықталады. Кейбір өсімдіктердің биіктігі екі метрді құраса, жапырақтарының диаметрі 60 сантиметрге дейін жетеді.

«LOTUS FEST-2025» фестивалі туристерге табиғи сұлулықты ғана емес, қазақ халқыныңмәдени және спорттық дәстүрлерін де ұсынады. Меймандар үшін этноауылұйымдастырылып, театрландырылған көріністерді, қолөнер шеберлерінің көрмесін жәнешеберлік сабақтарын тамашалауға болады.

Белсенді демалысты таңдайтындар үшін қазақша күрес, асық ату, садақтан ату, армрестлинг және арқан тарту секілді ұлттық және басқа да спорт түрлері бойыншажарыстар өткізіледі.
 
Достарыңызға айтыңыз: