Назар аударыңыз! Жаңа алаяқтық түрі!

Назар аударыңыз! Жаңа алаяқтық түрі!
Әлемдік интернет-кеңістікті мониторингтеу нәтижесінде Booking.com сайты арқылы жүзеге асырылатын жаңа интернет-алаяқтық сызбасы анықталды. Бұл жағдайға қонақүй мен пәтер брондағаннан кейін Израиль азаматтары тап болды (дереккөз — «Вести» интернет-басылымы).

Атап айтқанда, пәтерлерді брондау кезінде пайдаланушыларға банк картасының деректерін беру туралы хабарламалар келген. Алайда, бұл мәліметтер жеке кабинетте бұрыннан бар және қосымша растауды қажет етпейді.

Қазақстанның туристік әлеуетін ел ішінде және шетелде цифрлық арналар арқылы ілгерілету, сондай-ақ жазғы демалыс маусымындағы белсенділікті ескере отырып, осындай алаяқтық сызбалары елімізде де таралуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Қазақстанның туристік имиджіне теріс әсерін тигізуі ықтимал.

Осыған байланысты туристер мен онлайн-сервистер пайдаланушыларына барынша сақ болуды, келіп түскен хабарламаларды мұқият тексеруді, сондай-ақ банк карталарының деректерін үшінші тұлғаларға немесе күмәнді сілтемелер арқылы бермеуді қатаң түрде ұсынамыз. Ресми брондау арналары ғана қолданылсын.
Достарыңызға айтыңыз: