Kazakh Tourism «Ұлттық диктант» жобасын қолдады

Kazakh Tourism «Ұлттық диктант» жобасын қолдады

 «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы республикалық «Ұлттық диктант» жобасын қолдап, оған атсалысты.

Компания қызметкерлері диктант жазып, өз білімдерін сынады. Оның мәтіні ұлы қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласынан алынған. Диктант дәстүрлі форматта өткізілді.

Ұлттық диктант барысында орфография мен тыныс белгілерін сақтау ережелеріне ерекше көңіл бөлінді. Оның қорытындысы бойынша қатысушылардың 85% қазақ тілін жоғары деңгейде меңгергенін көрсетті.

Жобаның негізгі мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, сауаттылықты дамыту, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен сөйлеу мәдениетін нығайту.

Достарыңызға айтыңыз: