Ү.ж. 29-31 наурыз аралығында Даммам, Рияд, Жидда қалаларында Қазақстанның туризм саласындағы инвестициялық жобалармен және туризмінің әлеуетімен таныстыруға арналған роуд-шоу өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі,  «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ және Алматы қаласы Туризм басқармасы бірлесіп ұйымдастыруда.

Роуд-шоу аясында қазақстандық туроператорлар мен әуе компаниялары жергілікті бизнес қауымдастығы өкілдері үшін b2b алаңын ұйымдастыру жоспарлануда. Іс-шара саудтық бизнес өкілдері мен туристік агенттіктерін Қазақстанның туристік тұрғыдан тартымды жерлерімен жан-жақты таныстыруға және әлеуетті контрәріптестермен тиісті келісім-шарттарды жасасуға мүмкіндік береді.

Сауд Арабиясы туризм мақсатында шет елдерге шығу әлеуеті жағынан араб елдерінің ішінде ең жоғары болып табылады. Мәселен, пандемия басталғанға дейін жылына 9 млн. астам саудтық саяхат жасайтын, ал жалпы саудтықтардың шетелдік туризмге жыл сайынғы шығындары 20 млрд. АҚШ долларынан асады.

Достарыңызға айтыңыз: