2022 жылғы ақпараттық турларды өткізудің алдын ала кестесі

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ жыл сайын қазақстандық және шетелдік туроператорлар, БАҚ, тревел-блогерлер, MICE іс-шараларын ұйымдастырушылар және туристік бизнестің басқа да өкілдері үшін таныстыру сапарларын өткізеді.

2022 жылы қазақстандық және шетелдік қатысушыларымен Қазақстан бойынша бірқатар ақпараттық турлар өткізу жоспарлануда. Ақпараттық турлар қатысушылардың құрамына байланысты әртүрлі мақсаттарды көздейді, бірақ олардың барлығын елдегі ішкі және сыртқы туризмді дамыту тақырыбы біріктіреді.

Осылайша, туроператорлар ақпараттық турлардың қорытындысы бойынша жаңа туристік өнімдерді әзірлейді немесе бар турларды жетілдіреді, оларды жаңа туристік нысандармен немесе қызметтермен толықтырады, журналистер мен блогерлер БАҚ пен әлеуметтік желілерде тікелей жариялау арқылы халық арасында дестинацияларды ілгерілетеді, MICE іс-шараларын ұйымдастырушылары Қазақстанда ауқымды корпоративтік іс-шараларды (конференциялар, көрмелер, конгрестер, семинарлар, форумдар, съездер және т.б.) ұйымдастырады. Сондай-ақ, ақпараттық турларда тәжірибе алмасу және озық тәжірибелерді тарату мақсатында туристік бизнестің басқа да өкілдері қатыса алады.

2022 жылғы қазақстандық қатысушылар үшін ақпараттық турларды өткізудің алдын ала кестесі*

Туроператорлар, журналистер, блогерлер және туристік бизнестің басқа да өкілдері үшін:

14 мамыр – Ақмола облысы (Қорғалжын қорығы)

Маусым – Ақмола облысы («Бұйратау» МҰТП)

Туроператорлар мен туристік бизнестің басқа өкілдері үшін:

6-10 маусым – Алматы облысы (CBT, Саты ауылы)

Маусым – Павлодар облысы (Баянауыл МҰТП)

Тамыз – Ұлытау облысы

Блогер-музыканттар үшін (арнайы жоба):

Шілде – Шығыс Қазақстан облысы

Тамыз – Маңғыстау облысы

Инфотураларға алдын ала тіркеуден осы сілтеме бойынша өту қажет.


Шетелдік қатысушылар үшін ақпараттық турлар өткізу бөлігінде ақпарат үшін:

2022 жылғы шетелдік қатысушылар үшін ақпараттық турлардың алдын ала кестесі*

MICE іс-шараларын ұйымдастырушылар үшін:

Маусым – Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы облысы (SATW өкілдері)

Тамыз – Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ. (ENACTUS өкілдері)

Тамыз – Нұр-Сұлтан қ. (нақтылануда)

Туроператорлар мен туристік бизнестің басқа өкілдері үшін:

24-28 Мамыр – Алматы қ. (TAAI өкілдері)

Шілде – Алматы қ., Алматы облысы (араб елдерінің турбизнес өкілдері)

Тамыз – Алматы және Түркістан облыстары (Индонезиялық туристік бизнес өкілдері)

БАҚ өкілдері мен блогерлер үшін:

Маусым – Нұр-сұлтан қ., «Бурабай» МҰТП («Выбери Радио» өкілдері)

Қыркүйек – Маңғыстау және Алматы облыстары (БАҚ өкілдері, РФ немесе Әзірбайжанның блогерлері)

*Ақпараттық турлардың өтетін уақыттарының өзекті күндері туралы ақпарат сайтта жаңартылып туратын болады.

Достарыңызға айтыңыз: