Ержан Еркінбаевтың туристік сала өкілдерімен кездесуі өтті

Бүгін Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристік сала өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге билік органдары мен туристік қауымдастықтың, қонақ үй мен туристік бизнестің және Kazakh Tourism компаниясының өкілдері, сондай-ақ туроператорлар, қонақүйлер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Ал модератор Алматы мәслихатының депутаты - Әсия Ақанова болды.

Кездесуде вице-министр министрлік атқарған жұмыстар мен міндеттері туралы қысқаша ақпарат берді. Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев өз сөзінде: «Дұрыс жүйелеген мемлекеттік саясат және өзара үйлесім тапқан тур қауымдастырдықтардың арқасында осы саланы жүйелі дамыту қамтамасыз етілуде. 3 жылдың ішінде 388 млрд теңге соммасына 280 инвестициялық жоба іске асырылды. Ал ішкі туризм рекордтық көрсеткішке жетті. Осы жылдың 6 айында орындардың толуы 28,2% артқан, тіпті ол пандемияға дейінгі уақыттан да жоғары көрсеткішті құрайды. Қонақ үйлердегі орындар саны көбейіп, бүгінгі күні 199 мың төсек орнына жеткен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристердің саны 7 миллионға жетіп рекордтық көрсеткіші тіркелді. Осы өсімді ескере отырып, жыл соңына дейін ішкі турист саны 8 миллионға жетеді деп күтілуде. Кіру туризмі біртіндеп қалпына келіп жатыр. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кіру туризмі 2,5 есе жоғары, шамамен 300 мыңға жуық адамды құрайды»- деді.

Туроператорлар маркетингтік қолдауды күшейту мәселесін көтерді. Олар туристік өнімдерді дамыту және роуд-шоу сияқты іс-шараларды өткізуде белсенді жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, туроператорлар басты назарға ел ішіндегі демалыстың жоғары бағаларын, курорттық аймақтар, қонақүйлердің жетіспеушілігі және т. б. мәселелерін алды.

Кездесу барысында туристік бизнес өкілдері спикерге сұрақтар қойып, туризмді дамыту бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ әр түрлі салалардан сұрақтар қойылып, өзекті тақырыптар талқыланды. Атап айтқанда цифрландыру, тау туризмі, инфрақұрылым құрылысы, гидтерді оқыту, туристік ағын мониторингі және басқа да мәселелер. Сондай-ақ көптеген жылдар бойы айтылып жүрген СГТ (санитарлық-гигиеналық тораптарды) орнату және күтіп ұстау мәселесі де талқыланды.

СГТ бойынша сұрақтарға: «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ жұмсақ инфрақұрылым қажеттілігін айқындау мақсатында ТОП-10 туристік дестинацияға, туристік дестинациялардағы СГТ-дың жағдайына, автомобиль жолдары бойында СГТ жай-күйіне тексеру жұмыстары жүргізілді. Ал қорытындысы бойынша 493 СГТ салу қажеттілігі айқындалды. 2020-2021 жылдары ЖАО-мен біріге отырып 158 дәретхана салу бойынша жұмыс атқарылған», - деп толықтырды вице-министр.

Еркінбаевтың айтуынша, өткен жылы қабылданған туризм саласындағы заңнамалық өзгерістер осы саладағы маңызды аспектілерін қозғайтын бұрын-соңды болмаған жаңа мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қатысушылар туризм саласындағы мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларына оң көзқарастарын білдірді.

Кездесуді қорытындылай келе, Әсия Ақанова қазір бізге жүйелік мәселелерді шешу де, қазақстандық туристік өнімді қалыптастыру мен ілгерілетудің мәселелерінде бірлескен іс-қимылдар қажет екенін атап өтті.

«Министрліктің саланың экожүйесі бойынша ұсыныстарды, бизнес бастамаларын одан әрі қолдауға дайын екенін есту өте қуанышты болды. Бұл салада белгілі бір сынға қарамастан, мақтануға болатын фактілер бар екендігі қуантады. Бүгінгі кездесу жаңа идеяларды іске асырудың драйвері болатынына сенімдімін және біз саланы жаңа деңгейге көтере аламыз», - деді Алматы қаласының мәслихат депутаты.

Сондай-ақ, форум аясында Е. Еркінбаев туризм саласының жекелеген мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Нәтижесінде, туристік қоғамдастықтың айтылған ұсыныстары министрліктің жұмысы мен бақылауына алынады.


#халықпенкездесу

Достарыңызға айтыңыз: