Димаш Құдайберген қытайлық Hunan Broadcasting System серіктестіктехалықаралық жобаны жүзеге асырады

Димаш Құдайберген қытайлық  Hunan Broadcasting System серіктестіктехалықаралық жобаны жүзеге асырады

Димаш Құдайберген қытайлық Hunan Broadcasting System серіктестіктехалықаралық жобаны жүзеге асырады

10 қыркүйекте Қазақстанда атқарушы продюсері Димаш Құдайберген болатынауқымды музыкалық реалити-шоудың түсірілімі басталадыЖоба эфир арқылыкүніне 210 миллионнан астам көрерменді қамтитын Қытайдың Hunan BroadcastingSystem және Mango TV цифрлық платформасымен бірлесе жүзеге асырылуда.

Димаш үшін бұл символдық оралу: шамамен он жыл бұрын оның халықаралықтанымалдылығы дәл осы Hunan TV арнасындағы Singer шоуына қатысудан басталды. Ендіол халықаралық жобаның бастамашысы және продюсер ретінде бой көрсетеді. 

«Бұл жоба - Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңапарағыМаған еліміздің байлығын - оның музыкасынтабиғатын және қонақжайлығынәлемге паш ету маңыздыБіз әртүрлі елдердің әртістерін біріктіріпмузыканыңшекарасыз екенін тағы да дәлелдейміз", -деп атап өтті Димаш Құдайберген.

Жобаның қатысушылары- Қытай,Қазақстан, Қырғызстан,
Италия, Малайзия және Сербиядан келген орындаушылар. Олар еліміздің көркем өңірлерібойынша шығармашылық сапарға аттанады. 

Түсірілім Астана мен Алматы қалаларында, Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстауоблыстарында өтеді. Реалити-шоудың ақтық кезеңі елордада ұйымдастырылады. Негізгіаялдамалар қатарында Көбейтұз көлі, Шарын мен Бозжыра шатқалдары, Сайрам-Өгемұлттық паркі бар.  

Жобаның көрсетілімі Hunan TV телеарнасы мен Mango TV
цифрлық платформасында жоспарланған. 

Жоба Қытай тұрғындарының елімізге деген туристік қызығушылығы артқан кезеңдеөтуде, бұл, әсіресе, елдер арасындағы визасыз режим енгізілгеннен кейін байқалуда. Қазақстанның негізгі локация ретінде таңдалуы саяхатшылар үшін тартымдылығынкөрсетіп, ұлттық дестинацияларды әлемдегі ірі туристік нарықта ілгерілетуге жаңамүмкіндіктер ашады.

Ұйымдастырушылық қолдауды ҚР Туризм және спорт, Мәдениет және ақпаратминистрліктері, Kazakh Tourism компаниясы, жергілікті әкімдіктер көрсетуде.

Достарыңызға айтыңыз: