Инвестициялық мүмкіндіктер

Қазақстанның туристік дестинациялары факторлар жиынтығының арқасында инвесторлар үшін тартымды мүмкіндіктерге ие, оның ішінде:

  • Қытай, Үндістан және Ресей сияқты елдерден келу туризмінің елеулі әлеуеті, сондай-ақ халықтың өсуі мен табыстарының арқасында ішкі туризмнің ұлғаюы.
  • Жыл бойы демалу үшін қайталанбас жағдай жасайтын табиғи ландшафтар мен климаттық жағдайлардың бірегей үйлесімі.
  • Бай этно-мәдени бағдарламаны қалыптастыратын Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының бай тарихи-мәдени және діни мұрасы.
  • Инвесторлар үшін преференциялар, жеңілдіктер мен субсидиялар беретін, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым құрылысын қаржыландыратын мемлекет тарапынан елеулі қолдау.

ҚР Үкіметі туризмді экономиканы дамытудың басым салаларының бірі ретінде белгілеп, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-ның басты міндеті болып табылатын инвесторларды тарту бойынша ТОП-10 туристік дестинацияны анықтады»