Құрметті туризм саласының мамандары!

2023 жылғы 2 ақпанда Астанада Travel Massive митап форматында туристік қоғамдастықтың кездесуі өтетінін қуана хабарлаймыз.

Travel Massive – бұл әлемнің 150 қаласында үнемі өтетін бейресми кездесулер.

Біз туризм саласына қатысы бар барлық адамдарды – туроператорлар, туристік агенттіктер, авиакомпаниялар, туристік қызметтерді жеткізушілер, қонақүйлер, онлайн агенттіктер, технологиялық компаниялар және стартаптардың қызметкерлерін шақырамыз.

Сізді туризмдегі бизнес туралы тақырыптарды талқылау, пайдалы таныстық орнату және шынайы әсерге толы кездесулер күтеді. Біз 50+ қонақты күтеміз.

Іс-шара Астана қаласының орталығында орналасқан жерде өтеді (ақпарат тіркелгеннен кейін беріледі). Басталуы сағат 19:00-де.

Қатысу тегін, бірақ Travel Massive платформасында сілтеме арқылы https://www.travelmassive.com/events/travel-massive-astana-2023-3450429745 тіркелу қажет етіледі, онда Сіз өзіңіздің жеке парақшаңызды құрып, іс-шараға тіркелуіңіз керек.

Іс-шараның серіктестері

- Kazakh Tourism ұлттық компаниясы

- «Туристік Қамқор» КҚ

- i'way – трансферттерге онлайн тапсырыс беру қызметі

- b2b.vip-zal.ru – әуежайдың премиум қызметтерін онлайн брондау платформасы.

 

Ұйымдастырушылардың байланыстары Еркін Тикенов yerkin@tikenov.com, Леонид Пустов leonid@travelmassive.com

Сұрақтарыңыз болса сілтеме бойынша қоя аласыз t.me/+Q17cuY16yqU2MTdi

Достарыңызға айтыңыз: