Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы аясында Kazakh Tourism қолдауымен Қазақстан 14 журналист пен блогерлерден тұратын Society of American Travel Writers (SATW) делегациясын қабылдады.

SATW - ең тәжірибелі журналистер, фотографтар, редакторлар, блогерлерден, бейне мен фильм, хабар тарату продюсерлері, веб-сайт иелері, қоғаммен байланыс мамандарынан тұратын АҚШ, Канада және басқа елдердің қонақжайлылық индустриясы туралы хабарлайтын кәсіби ұйым. Бұл ұйым 1955 жылы құрылып, 1000-нан астам мүше өкілдері қамтиды.

«Орталық Азия туризм уақыт өте келе танымал туристік дестинацияларға айналуда. Туризмді насихаттау үшін USAID «Kazakh Tourism» компаниясымен бірлесіп шетелдік аудиторияның елдің туристік тартымды бағыт ретіндегі әлеуеті туралы хабардарлығын арттыру үшін Қазақстанға американдық тревел журналистер мен блогерлерді шақырды», - деп атап өтті Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасының Қырғызстандағы елдік директоры және туризм бойынша өңірлік бағдарламаның үйлестірушісі Гүлмира Мырзақмат.

Бағдарлама бойынша делегация әр түрлі топтардың құрамында Шымбұлақ, Ой-Қарағай, Аюсай, Шарын шатқалы, Алтын Емел, Көлсай, Қайыңды көлдері және басқаларын қоса алғанда, Алматы мен оның маңайындағы көрнекті туристік нысандарды аралады.

Бір апта ішінде делегация бүкіл Алматы тау-кен кластерінің қолжетімді туризм түрлерінің барынша толық бейнесін алды.

«АҚШ біз үшін туризм бойынша негізгі перспективалы нарықтардың бірі болып табылады. Американдық туристер үшін визасыз режим бар. Біздің елдеріміз арасында тікелей рейстер болмаса да, жыл сайын іскерлік сапарлармен де, экотуризм мақсатында да келетін АҚШ-тан 30 мыңнан астам келушілерді қабылдаймыз. Біз үшін туристік бағыт ретінде Қазақстан туралы американдық туристердің көбірек білуі өте маңызды. Біз USAID-ке журналистер делегациясының келуін ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысымызды білдіреміз, олар Қазақстанның әлемдік деңгейде танылуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз», - деді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы.

SATW журналистері мен блогерлері туралы ақпаратты сілтеме бойынша біле аласыз https://kz.usembassy.gov/usaid-hosts-american-travel-writers-to-promote-kazakhstan-tourism/?fbclid=I....

Достарыңызға айтыңыз: