Астана Халықаралық форумы аясында Қазақстанның араб елдерімен туризмін дамыту талқыланды

Қазақстан араб елдерімен туристер мен инвестицияларды тарту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруда.

Астана Халықаралық форумы аясында Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының Сауд Арабиясы Корольдігінің (САК) делегациясымен, оның ішінде САК Инвестициялар министрлігінің, «Al hokair Group», «Araak Development» және «TMKiiN» жетекші компанияларының өкілдерімен кездесулері өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесу Қазақстанның САК-дегі Riyadh Travel Fair туристік көрмесіне қатысуы шеңберінде өткен келіссөздердің, сондай-ақ Даммам, Эр-Рияд және Джидда қалаларындағы өткен жылғы b2b кездесулерінің жалғасы болып табылады.

Кездесудің маңызды аспектісі туристік саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылау болды. Қатысушылар перспективалы жобаларды талқылап, шетелдік қонақтар кейбір инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастыққа өз қызығушылықтарын білдірді.

Нақты инвестициялық жобалармен егжей-тегжейлі танысу үшін «Al hokair Group» өкілдері Ақмола облысының Ақкөл және Бурабайға шақырылды, онда оларға инвестициялық жобалар ұсынылып, осы өңірлерде туризмді дамыту әлеуеті көрсетілді.

«Al hokair Group» компаниясы 1975 жылы ойын-сауық және қонақжайлылық секторына инвестицияларды жүзеге асыру үшін құрылған. 50 жылда топтың жобалары кеңейіп, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 92 ойын-сауық орталығы мен 35 қонақ үйді қамтыды.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрлігінің делегациясымен, «Al hokair Group», «TMKiiN» өкілдерімен кездесулер халықаралық әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және екі ел арасындағы инвестициялар мен туристік ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашады.

Сонымен қатар, Астана Халықаралық форумы аясында Kazakh Tourism төрағасы Талғат Аманбаев Qatar News Agency үшін екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша сұхбат берді.
Сұхбатында Талғат Аманбаев қазіргі уақытта Қатар инвесторларымен Қазақстанда, әсіресе Түркістан және Маңғыстау сияқты перспективалы өңірлерде инфрақұрылым, қонақүйлер мен туристік объектілер салу саласындағы ынтымақтастық туралы жемісті келіссөздер жүргізіліп жатқанына назар аударды.

Kazakh Tourism төрағасы а.ж. мамыр айының соңында 10 отандық туристік және қонақ үй компанияларынан тұратын Қазақстаннан келген делегация Катардың негізгі турагенттерімен және туроператорларымен b2b кездесулер өткізгенін хабарлады.

Сол кездесуде қатарлық туроператорлар бізге Қазақстандағы турпакеттерге сұраныстың үнемі өсіп келе жатқаны туралы, сондай-ақ біздің туристік әлеуетіміз бен қонақжайлылығымыз туралы оң пікірлер туралы айтып берді.

Қазақстанға араб елдерінен туристерді көбірек тартуға ықпал ететін жағадайлар бұл визасыз режимді орнату және тікелей әуе қатынастарын іске қосылуы болып табылады.
Сонымен қатар, елімізге саяхат бойынша қажетті ақпаратты алуға болатын, оның мазмұны толығымен араб тіліне бейімделген, Kazakhstan.travel ұлттық туристік портал жүргізілуде.

Достарыңызға айтыңыз: