«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 948 қаулысымен бекітілген.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ миссиясы – Қазақстанда туризмді танымал, жайлы және қолжетімді ету.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ – ның пайымы – Қазақстандағы туризмді басқару, үйлестіру және дамыту үшін ақпараттық-талдамалық ресурс болып табылатын туризм индустриясындағы негізгі ұйым.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның он жылдық кезеңге арналған стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері:

Стратегиялық бағыттар

Мақсат

Міндеттер

туристік ресурстарды дамыту

Туристік дестинациялардың тартымдылығы мен қолжетімділігін арттыру

Туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамыту мониторингі және оған жәрдемдесу

Туристік салаға инвестициялар тарту

туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру

туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды әкімшілендіру

Құзыреттерді дамыту

Туристік саланы цифрландыру

Туристік өнімдерді дамыту

Туристік саланың экожүйесін дамыту

елдің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету

Қазақстанның туристік дестинацияларының танымалдығын қамтамасыз ету

Онлайн ілгерілету

Офлайн ілгерілету

Ұлттық туристік брендті басқару

компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Қоғамның ұзақ мерзімді құнының өсуін қамтамасыз ету

Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету

Корпоративтік даму жүйесін жетілдіру

Кадр саясатының тиімділігін арттыру