Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы:
Астана қ., Мәңгілік даңғылы 55/14
Біздің пошта:
info@qaztourism.kz
Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Туризмді дамыту жөніндегі комитет
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Туризмді дамыту жөніндегі комитет арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум трансшекаралық туристік бағыттарды бірлесіп насихаттауға, туристік компаниялар арасында тығыз ынтымақтастыққа ықпал етуге, туристік инфрақұрылымды жетілдіру бойынша ынтымақтастыққа, бірлескен турлар ұйымдастыру және тәжірибе алмасуға бағытталған.
Ынтымақтастық туралы меморандумдар
Ағымдағы жылы Қоғам және Ресейдің Туризм жөніндегі Федералдық агенттігі арасында туристік дестинацияны танымал ету және елдер арасында туристік алмасу мақсатында меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық халықаралық туристік нарықтарда трансшекаралық туристік бағыттарды бірлесіп жылжытуды, ақпараттық және баспасөз турларын өткізуді, екі елдің аумағында инвестициялық жобаларға қатысуды көздейді.
ITB Eurasia
Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы ICTE (El Institutoparala Calidad Turística Española) тәуелсіз агенттігімен ынтымақтастықта испандық «Q» жүйесі негізінде туристік өнімдер мен қызметтер ерікті сапа белгісін енгізу мәселесін қарастыруда. ICTE Дүниежүзілік туристік ұйымның мүшесі болып табылады, мемлекеттік әкімшілік органдармен және жеке сектормен бірлесе жұмыс жасайды. Аталған ұйым туризм сапасы стандарттары, туристік өнімдерді дамыту, олардың қолжетімділігін арттыру және дестинацияларды басқару және т.б. салаларда жобалар мен оқыту бағдарламасын әзірлейді.
Туризмнің «Q» сапа белгісі – бұл жоғары сапа стандарттарына жауап беретін туристік ұйымдарға берілетін бренд. Аталған белгіні иеленген туристік объектілер халықаралық және ішкі нарықтарда танымалдығын арттырады, сондай-ақ әлеуетті туристердің ниеттестігіне сүйене алады.
Ағымдағы жылдың сәуірінде «Астана конвеншн бюро» ЖШС, «OpenTravelAdvisory» ЖШС, Алматы облысының әкімдігінің, «СКАТ» авиакомпаниясының қолдауымен Астана, Алматы және Алматы облыстарына «ICTE» атқарушы директоры Фернандо Фрайле, «ІСTE» техникалық директоры Марикруз Кадис ханым және ICTE тәуелсіз консультанты Алла Пересоловалар сапармен келіп кетті.
Сарапшылар сертификаттау процесінен өте отыра туристік объектілер ұсынылатын қызметтің сапасын және өз бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады деп есептейді.
Испандық сапа белгісін енгізу бойынша плиоттық жоба ерікті негізде Астана қ., Алматы қ. және Алматы облысында іске асырылатын болады. Жобаға сонда й-ақ ерікті негізде Қазақстанның басқа өңірлері де қосыла алады.
Астана және Алматы қалалары бойынша плиоттық жобаға объектілердің 3 санаты – қонақ үйлер, конгресс-орталықтар және туристік ақпараттық орталықтар, ал Алматы облысында 5 санатты қонақ үйлер, тау шаңғысы курорттары, туристік агенттіктер, ұлттық табиғи парктер мен жағажайлар (Қапшағай көлі, Балқаш көлі) кіреді деп күтілуде