«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының заңдарын жане халықаралық тәжірибеде мойындалған корпоративтік басқару қағидаларын басшылыққа алады.

Компанияның корпоративтік эиткасы мен мәдениеті Қоғамның қызметіне қатысатын және мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге құрылған, олар өз кезегінде Компанияның мына құндылықтарына ортақтасуға міндеттенеді:

icon

кәсіпқойлық және өз ісіне берілушілік

icon

ашықтық пен адалдық

icon

қоршаған ортаны қорғау

icon

үздіксіз білім және даму

icon

заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

icon

өзара сыйластық және командада жұмыс істей білу

icon

қауіпсіздік нормаларын сақтау

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Жалғыз акционердің компания пайдасының үлесін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Таза табысты бөлу және оның дивидендтер төлеуге бағытталатын бөлігін айқындау тәртібі, дивидендтердің мөлшерін айқындау тәртібі, оның ішінде оларды төлеу мерзімдері, орны мен нысаны Қоғамның Жалғыз акционерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы шешімімен бекітілген «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ дивидендтік саясатымен реттеледі.

Жыл қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді Жалғыз акционер қабылдайды.

«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер және ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 қаулысына сәйкес «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ дивидендтер төлеуге «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-да жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кіріс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде таза кірістің бір бөлігін жібереді.