Қайрат Сәдуақасов «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Қайрат Сәдуақасов Басқарма төрағасы қызметінен кетті. Ұлттық компания басшысы міндетін атқарушы лауазымына Даниел Сержанұлы тағайындалды. Ол 2024 жылдың қаңтарынан бері Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Қайрат Сәдуақасов ұлттық компанияны құрудың бастауында тұрған және әр жылдары төраға орынбасары қызметінде маркетинг, цифрландыру, инвестициялар мен өңірлік даму бағыттарына жетекшілік етті.Ол Басқарма төрағасы лауазымында Қазақстанды жаңа туристік бағыт ретінде халықаралық деңгейде ілгерілетуді едәуір күшейтті.

2024 жылы Қазақстанға шетелдік келушілер саны рекордтық деңгейге 15,3 миллион адамға жетті. Еліміз The New York Times және Wanderlust, Condé Nast Traveler, Lonely Planet секілді беделді халықаралық басылымдардың ең үздік туристік бағыттар рейтингтеріне енді. Сонымен бірге Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Туризм мен саяхатты дамыту индексінде жоспарланған көрсеткіштерден озып, 52-орынды иеленді.

Қытай бағытына ерекше назар аударылды. Аспан асты еліндегі Қазақстан туризмінің жылы табысты өткізілді. Қытай нарығынан келушілер қатары 2 есеге ұлғайып, 657 мың адамға жетті.

Маңызды бастамалар қатарында агротуризм және қонақ үйлерді жіктеу мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық өзгерістер дайындалды. Қазіргі таңда олар Парламент қабырғасында талқылануда.

Өңірлік аспектіде Мемлекет басшысы айқындаған басымдыққа ие дестинацияларды дамыту жоспарлары әзірленді. «Байқоңыр» кешенінде ғарыш туризмін және ШҚО экотуризмнің інжу-маржанына айналған Катонқарағай ауданында туризмді дамыту тұжырымдамасы ұсынылды.

Қайрат Сәдуақасов туризм саласындағы кәсіби қызметін жеке секторда жалғастырады

 

 

 

 

 

 

Кайрат Садвакасов покинул пост председателя Правления АО «НК «KazakhTourism»

 

По итогам заседания Совета директор АО «НК «KazakhTourism» Кайрат Садвакасов покинул пост председателя Правления. Исполняющим обязанности главы национальной компанией назначен Даниел Сержанулы, занимающий должность заместителя председателя Правления с января 2024 года.

Кайрат Садвакасов стоял у истоков создания нацкомпании, в разное время, будучи на посту заместителя председателя, курировал направления маркетинга, цифровизации, инвестиций и регионального развития. За время пребывания на посту Председателя правления существенно усилил международное продвижение Казахстана как новой туристской дестинации.

В 2024 году Казахстан посетило рекордное количество иностранных посетителей - 15,3 млн человек. Наша страна вошла в популярные рейтинги по версиям New York Times и отраслевых журналов Wanderlust, CondeNast Traveler, Lonely Planet, как одно из лучших мест к посещению. Опережая намеченные планы Казахстан также занял 52 место в рейтинге Всемирного экономического форума по Индексу развития туризма и путешествий.

Особое внимание уделено китайскому направлению. Продуктивно проведен Год казахстанского туризма в КНР. Турпоток из китайского рынка увеличен в 2 раза до 657 тысяч посетителей.  

Среди значимых инициатив — подготовка ряда законодательных изменений по вопросам агротуризма и классификации отелей, которые в данное время проходят обсуждения в Парламенте. 

В региональном аспекте разработаны Планы развития приоритетных дестинаций, обозначенных Главой государства. Также представлено видение по развитию космического туризма на комплексе Байконур и в жемчужине экотуризма ВКО - Катонкарагайском районе.

Кайрат Садвакасов продолжит свою профессиональную деятельность в туристской отрасли в частной сфере.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Kairat Sadvakasov steps down as Chairman of the Management Board of NC «Kazakh Tourism» JSC

Following a meeting of the Board of Directors of NC «Kazakh Tourism» JSC, Kairat Sadvakasov has stepped down from his position as Chairman of the Management Board. Daniel Serzhanuly, who has served as Deputy Chairman of the Management Board since January 2024, has been appointed as Acting Head of the national company.

Kairat Sadvakasov was among the founding figures of the national company. During various stages of its development, he served as Deputy Chairman overseeing key areas such as marketing, digitalization, investment, and regional development. During his tenure as Chairman, he significantly strengthened Kazakhstan’s international positioning as an emerging tourism destination.

In 2024, Kazakhstan welcomed a record number of international visitors — 15.3 million. The country was featured in prestigious travel rankings by The New York Times, Wanderlust, Condé Nast Traveler, and Lonely Planet as one of the top places to visit. Surpassing previously set goals, Kazakhstan also ranked 52nd in the World Economic Forum’s Travel and Tourism Development Index.

Special focus was placed on the Chinese market. The Year of Kazakh Tourism in China was successfully conducted, resulting in a twofold increase in tourist arrivals from China — reaching 657,000 visitors.

Among the key initiatives was the preparation of a number of legislative changes concerning agritourism and hotel classification, which are currently under discussion in the Parliament.

From a regional perspective, Development Plans were prepared for priority destinations identified by the Head of State. Additionally, a vision for the development of space tourism at the Baikonur complex and for ecotourism in East Kazakhstan’s natural gem — the Katon-Karagai district — has been introduced.

Kairat Sadvakasov will continue his professional journey in the tourism sector within the private sphere.

 

 

 

 

 

Рассказать друзьям: