"Kazakh Tourism" ҰК " АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Д.Сержанұлы ұлттық компания құрылған сәтінен PR және маркетинг департаментінің бас менеджері қызметінен бастады.

2019-2021 жылдары ол іс-шаралар маркетингі мен арнайы жобалар, сондай-ақ туристік өнімдерді дамыту департаментерін басқарды.

Жеке тиімділігі, ұйымдастырушылық қабілеті мен компанияның жұмысына қосқан үлесінің арқасында 2022 жылы Д.Сержанұлы Басқарушы директор болып тағайындалып, Басқарма мүшесі болып сайланды.

Компания басқармасы құрамында маркетинг, туристік өнім және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етті, соның ішінде:

- Халықаралық MICE іс-шараларды тарту және қолдау бойынша жұмысты жандандырды. Компания ICCA (Халықаралық конгресс қауымдастығы), UFI (Жаһандық көрмелер қауымдастығы) сияқты халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтті және MICE-туризмді дамыту бойынша алғашқы 12 халықаралық іс-шараны өткізу құқығына ие болды;

- Туристік қоғамдастықпен, оның ішінде ұлттық туристік өнімді қалыптастырудың жол картасы шеңберінде "Атамекен" ҚР ҰКП-мен ынтымақтастық шеңберінде өзара іс-қимылды күшейтті;

- The Spirit of Turkistan, Turkistan Marathon, Balqaimaq Food Festival, Kazakhstan Tourism Development Forum және т. б. осы сияқты зәкірлік іс-шараларды қоса алғанда, бірқатар ірі жобаларын өткізуге жетекшілік етті;

- Гидтердің қызметін цифрландыру жобасын іске асыру, Онлайн туризм академиясын іске қосу және "Сапа белгісін" енгізуді қолға алды;

– Kazakhstan - Like Never before жарнамалық науқанын іске асырды. Қазақстанды халықаралық деңгейде табысты таныстырып, Еуропадағы Art&Tur халықаралық кинофестивалінде бірден екі номинацияның иегері атанған жаңа туристік бейнероликті шығаруға атсалысты;

- Red Bull Highline Mangystau, InDrive-пен Soulful Tracks, ТикТокпен #ГидпоКазахстану және т.б. арнайы жобаларды қамтитын түрлі брендтермен ынтымақтастық орнатты.

Д. Сержанұлы "Туризм" мамандығы бағытында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті қабырғасында бакалавр (2011) және магистратура (2013) бағдарламалары бойынша білім алған. Қазіргі кезде Maqsut Narikbayev University (KAZGUU) туризм пәндері бойынша аға оқытушы болып табылады.


Жетекшілік ететін бағыттар: туристік дестинацияларды дамыту, инвестициялар тарту, туристік саланы қолдаудың жүйелі шараларын іске асыру, туризмнің жаңа бағыттарын және туризммен сабақтас салаларды, оның ішінде креативті индустрияларды дамыту.



Жалпы ақпарат: Басқарма Төрағасы басқа заңды тұлғаның басқарма басшысы лауазымын атқармайды.
Басқарма мүшелері «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның, үлестес компаниялардың және оның бәсекелестерінің/өнім берушілердің акцияларына иелік етпейді.
Басқарма мүшелері арасындағы өкілеттік салалары мен жауапкершілік «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектелген.