Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн. адамға артып, 8,6 млн. адамды құрады (2021 ж. – 6,9 млн.). Аталған сан пандемияға дейінгі деңгейден 2 млн.адамға жоғары (2019 ж. – 6,7 млн. адам).
Орналастыру объектілері 182,9 млрд. теңге сомасына қызмет көрсетті. Бұл 2021 жылдың қорытындысы бойынша 70 млрд.теңгеге артық. Қызмет көрсету көлемі де 2019 жылдың қорытындысынан 60 млрд.теңгеге (120,5 млрд теңге) асып түсті.
Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген шетелдік туристер санының 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге артуы тіркеліп, 928 мың адамды құрады (2021 ж. – 329,8 мың).
Бұл ретте, Қазақстанда шетелдік туристер үшін орналастыру орындарында (қонақүйлерде, қонақ үйлерде және т.б.) тоқтағандар қабылданады, ал көрші елдер, оның ішінде Өзбекстан шекараның қиылысы бойынша келуші туристердің деректерін жариялайды. Егер 2019 жылы ресми деректер бойынша Өзбекстанға 6,7 млн турист келген болса, сол жылы Қазақстан 8 млн астам келушілерді қабылдады.
Сонымен қатар, Қазақстанға келетін туристердің 35%-ы ТМД елдерінен тыс жерлерден келетіндігін атап өтеміз.
Орналастыру орындарының саны 284 бірлікке артып, 4 мыңға жуық қонақ үйді құрады. Біржолғы сыйымдылығы 203 мыңнан астам төсек-орынды құрап, 10 мың бірлікке ұлғайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес алыс шетелден келген 1 шетелдік туристің орташа шығыны 1,5 мың АҚШ долларды құрайды.