Kids Go Free – Қазақстандағы отбасылық туризмге арналған бағдарлама


2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда турпакет шеңберінде саяхаттайтын кәмелетке толмаған жолаушылардың (2 жастан 17 жас аралығы) билет құнын субсидиялау бағдарламасы күшіне енді.

Аталған жоба  ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік береді.

Бағдарлама қалай жұмыс істейді?

1) бұл мүмкіндікті тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алады;

2) кәмелетке толмаған балалар әуе рейсіне кәмелетке толған азаматтармен (ата-анасы, әжесі және өзге де ересек жақын туыстарымен) отырғызылады;

3) шара турпакет шеңберіндегі сапарларға ғана қолданылады;

4) турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс;

5) турпакет сатып алу барысында балалардың әуе билет құны алынып тасталады.

МАҢЫЗДЫ: бағдарлама туроператорлардың алдымен әуе билеттерін өз қаражаты есебінен сатып алуын, ал кейіннен бұл шығындарды, туристер әуе сапары фактісін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, Ережеге сәйкес мемлекет өтеуін көздейді. Ал, туроператорлардың бағдарламаға қатысуы ерікті болып табылады.

Төлемді қайтару үшін туроператорлар:

1 - туристердің демалу мерзімі аяқталғаннан кейін «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Ұйым) өтінімді рәсімдеу үшін құжаттар топтамасын әзірлейді.

2 - субсидия алуға өтінімді ресімдеу үшін Ұйымға қағаз немесе электронды түрде пошта арқылы немесе қолма қол тәсілмен қажетті құжаттар мен мәліметтерді жолдайды:

Орналасқан жері: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/14, каб. - 222. Электрондық мекенжайы: info@qaztourism.kz

Белгіленген құжаттар топтамасы толық болса, Ұйым оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қарасатырады және ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда субсидия төлеу немесе субсидия төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

Қабылданған шешім туралы ақпарат Ұйымның интернет-ресурсында жарияланады.

Төлем туралы шешімнің негізінде Ұйым 45 жұмыс күні ішінде субсидия сомасын туроператордың ағымдағы шотына аударады.

Жоба тұралы толық ақпарат: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025724

Анықтама үшін телефондар:

БАҚ үшін: Азалия Нұрлан – 8 701 800 0836

Туроператорлар үшін: Ботагоз Байдарбекова - 8 701 974 5959


*Өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімі:

1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжатының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал туроператордың өкілі өтінім берген кезде туроператордың мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат қосымша ұсынылады;

2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күнін қоса алғандағы есеп бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүргізілетін берешектердің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

3) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтығы жоқ кәмелетке толмаған жолаушының билеті мен жолаушылар купонының көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын кәмелетке толмаған жолаушы үшін);

5) нотариалды куәландырылған сенімхаттың көшірмесі (егер кәмелетке толмаған жолаушы жақын туысымен тасымалданған жағдайда);

6) "Туристік қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелген) сәйкес жасалған туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың (бұдан әрі – Шарт) көшірмесі;

7) кіру және ішкі туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі бар лицензияның көшірмесі;

8) осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген үлгі бойынша кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер.


Туристік қоғамдастықтың кері байланысы негізінде туристерге ыңғайлы болу үшін Kids go free бағдарламасы бойынша туроператорлардың тізімі қалыптастырылды (тізім тұрақты негізде жаңартылады)


Астана қаласы
+7 775 688 22 31 / Uly Dala https://www.instagram.com/alakol_astana/?hl=ru 
+7 701 716 03 50 / GATC https://www.instagram.com/turkistan.gatc/?utm_medium=copy_link
+7 7172 55 55 44 / Фирма Саят ЖШС http://www.sayattravel.kz/
+7 776 000 26 50 / «KITO&Co» ЖШС https://www.instagram.com/kito_travel/


Алматы қаласы
7 7273 47 03 02, +7 707 307 90 85 MLtour https://mltour.kz/
+7 701 984 22 66 / SkyWay www.skyway.kz
+7 705 130 37 24 / Touroperator KOMPAS https://online.kompastour.kz/search_tour
+7 775 109 26 44 / Beys Tour  (Sanat) http://www.sanat.kz/
+7 700 731 54 59, +7 707 319 60 09 / Rocket Go Travel http://www.rgtravel.kz/
+7 708 312 95 05 / Vostokz http://www.vostokz.com/
+ 7 777 254 43 35, +7 701 204 34 39 / «Khan - Turan travel» ТОО www.khanturan.com 
+7 701 550 91 69, +7 700 268 52 76 / Джама-тур ЖШС https://www.instagram.com/dzhama.tour/ 
+7 701 992 20 18 / Kinetica Group ЖШС https://go2trip.kz/ 
+7 778 488 6915, +7 7272 970 41 28, +7 708 970 4128/ТЕНГРИ TOUR kids.tengritour@inbox.ru


Шымкент қаласы
+7 701 991 22 21 / Шымтур http://www.shymtour.com/ru


Ақмола облысы
+7 707 335 66 58 / Hangout Tour https://hangout.kz/


Атырау облысы
+7 702 827 90 91 / Afisha Travel https://instagram.com/afisha.travel?igshid=YmMyMTA2M2Y=


Шығыс Қазақстан облысы
+7 7232 52 49 12 / Вояж https://qazvoyage.kz/
+7 701 357 48 98 / А-тур http://a-tour.kz/ 


Маңғыстау облысы
+7 747 522 15 20 / ТОО Турист https://aktau-tourist.kz


Түркістан облысы
+7 778 004 40 53 / ТОО CityLabTurkistan https://instagram.com/visit.turkistan?igshid=YmMyMTA2M2Y=


Осы тізімге ену үшін бізге product@qaztourism.kz электрондық поштаға хабарласыңыз. Алдын ала Ережелермен танысуыңызды сұраймыз.

Достарыңызға айтыңыз: