Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) 2024 жылғы 6-9 мамырда Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтетін Arabian Travel Market халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стенд ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта туристік бизнеc өкілдері үшін Arabian Travel Market 2024 көрмесіне қатысуға тіркеу 2024 жылдың 29 наурызына дейін қоса алғанда ашық. Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін тіркелген қатысушыларға Ұйымдастырушы стендте орын беруге кепілдік бере алмайды.
Бұдан басқа, қазақстандық делегация құрамына іріктеу бекітілгеннен кейін (2024 жылғы 29 наурыздан кейін) қатысушы өтінімнің күшін жойған жағдайда, сондай-ақ өтінімде көрсетілген ережелер сақталмаған жағдайда (https://forms.gle/Ki6RESs5fjnkXCcs7) Ұйымдастырушы қатысушыны келесі көрмелерге қатысуына рұқсат бермеуге құқылы.
Мүдделі тұлғалардан сілтеме бойынша өтінімді толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/Ki6RESs5fjnkXCcs7