ITB Berlin халықаралық туристік көрмесіне тіркеу басталды

ITB Berlin халықаралық туристік көрмесіне тіркеу басталды

2026 жылғы 3-5 наурызда Германияның Берлин қаласында өтетін ITB Berlin халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стенд ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Қазіргі уақытта туристік бизнеc өкілдері үшін көрмеге қатысуға тіркеу ашық. Өтінімдер 2026 жылғы 9 қаңтарға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін тіркелген қатысушыларға стендте орын беруге және визалық қолдауды уақытылы қамтамасыз етуге кепілдік берілмейді.  

Ниет білдірген туристік бизнес өкілдерін сілтеме бойынша өтінімді толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/KVLQv33pbwnFi9j27 
Достарыңызға айтыңыз: