2023 ж. 17 тамыз - 1 қыркүйек

Мақсаты: ұлттық бірегейлікті нығайту, «Ботай қонысы» археологиялық ескерткішін танымал ету, Солтүстік Қазақстан облысында мәдени туризмді дамыту, жастар арасында шығармашылық және еңбек мәдениетін ілгерілету.

Міндеті: симпозиумды өткізу суретшілердің шығармашылығын дамытуға, өңіраралық және халықаралық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ жастар арасында мәдени мұраны тәрбиелеуге ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайының «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзі: «Біз сан ғасырлық тарихымызды мақтан етеміз. Тамыры терең төл шежіреміз – халқымыздың мәдени кодының өзегі. Тарихи танымды кеңейтуге зор үлес қосатын тағы бір маңызды сала – археология».

«Botaı - Uly dala mádenıetі» («Ботай – Ұлы дала мәдениеті») II Халықаралық симпозиумы - өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысу мақсатында экскурсиялар өткізуді, жастарға арналған шеберлік сыныптарын, Айыртау ауданының «Ботай» республикалық мемлекеттік музей-қорығының және Шалқар-Имантау курорттық аймағының аумағындағы пленэрмен өткізуді қамтитын кешенді іс-шара болып табылады.

Симпозиумға Канада, Германия, Франция, Бенин, Румыния, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 20 суретші қатысады.

2023 жылғы 31 тамыз күні облыстық тарихи-өлкетану музейінің «QyzyljarART орталығы»-да көрменің ашылу салтанаты өтеді.

Симпозиум жұмысының қорытындысы бойынша суретшілердің шығармашылық жұмыстарының тұсаукесері бар каталог шығарылады.

Суреттер аукционға қойылып, қаражаты балалар үйіндегі балаларды дамытуға жұмсалады.

Симпозиум өткізу кезінде «Союз ЖАСА» қоры жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға суретшілердің жұмыс орындарына келуін ұйымдастырады.

Осы бастама - Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Өскелең ұрпақты мәдени мұраларымызды танып-білуге, қорғауға дағдыландыру керек» деген сөзіне тікелей жауап.

Ұйымдастырушылар: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің қолдауымен «Союз ЖАСА» әлеуметтік қоры мен «Ботай Арт» ЖШС

Байланыс телефоны:
«Союз ЖАСА», әлеуметтік қорының директоры - Денис Александрович Лукянчук, ұялы тел. 8-777-385-35-35
Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің директоры - Гүлнәр Бутанқызы Мұқышева, жұмыс тел. 8(7152) 46-20-97, ұялы тел. 8-777-922-55-53

Достарыңызға айтыңыз: