17-20 тамыз аралығында Қазақстан Қытайдың Сиань қаласында 8-ші «Сиань Жібек жолы» халықаралық туристік көрмесіне (Xi'an Silk Road International Tourism Expo 2023) қатысады.
Kazakh Tourism бастаған елдің туристік әлеуетін ұлттық стендте 6 туроператор – Empire Travel Qazaqstan, Kazakhstan Travel Hub, Panda Travel, Sky Way Ltd, Tumar Trans және Turan Asia таныстырады.
Сондай–ақ, стендте Air Astana әуекомпаниясы ұсынылған, ол биыл Қытай қалаларына ұшу жиілігін арттырады: Астана–Пекин бағыты бойынша 1-ден 2 есеге дейін, Алматы–Пекин 6-дан 7 есеге дейін және Алматы–Чэнду бағыты бойынша аптасына 1-ден 2 есеге дейін.
Қазақстандық стендті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Xi'an Silk Road International Tourism Expo ұйымдастыру комитетінің, Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің және ҚР-ның Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен бюджеттен шығынсыз ұйымдастырды.
Сондай-ақ, осы көрме аясында 2023 жылдың 17 тамызында жыл сайын Шэньси провинциясының мәдениет және туризм департаменті ұйымдастыратын форум өтеді. 2023 жылы форум «Мәдени туризмнен ләззат алу және ынтымақтастықты тереңдету» ұранымен өтеді және Шэньси провинциясы мен Жібек жолы елдері арасындағы туризм, мәдениет, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында туризм мен инвестицияларды қоса алғанда, әртүрлі мамандандырылған салаларға назар аударады.
Бұл көрмеге қатысудың негізгі мақсаты қытайлық туристердің ұйымдасқан топтарын тарту болып табылады. Отандық туроператорлардың айтуынша, ҚХР туристері тәртіптілігімен ерекшеленеді және олар ең қалаулы клиенттер болып табылады.
Өткен жылы еліміздің қонақ үйлерінде ресми статистика деректері бойынша 45 мыңнан астам турист тоқтады. Биылғы жылы ҚХР-дан туристердің дәл осындай саны eQonaq ақпараттық жүйесінің деректері бойынша 7 айдың қорытындысы бойынша тіркелді. Жыл соңына дейін қытайлық туристер саны 2022 жылмен салыстырғанда екі есе артады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, биыл мамыр айында Мемлекет басшысының Сианға сапары барысында мемлекеттер арасында 30 күнге дейін екіжақты визасыз режим туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта қытайлық туристер үшін визасыз кіру біржақты тәртіпте 14 күнге дейін жарамды.