Көрнекті жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы республикамыздың үш аймағында кең көлемде аталып өтеді. Тамыздың 25-і мен қыркүйектің 30-ы аралығында Астана, Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында ондаған іс-шара жоспарланған.

Жазушының туғанына 80 жылдығын тойлау 25 тамызда қаламгердің туған жері Катонқарағай ауданында бастау алмақ. Ауданда бірқатар жиын өткізілмек. Мерейтой аясындағы басты іс-шара – жазушының туған жері Шыңғыстай ауылында Оралхан Бөкей мұражайының ашылуы. Одан бөлек Оралхан Бөкей бюсті мен жазушы атындағы сквердің ашылуы, суретшілерге арналған пленэр өткізу жоспарланып отыр. Мерейтойлық жиындар аудан ипподромында өтетін үлкен гала концертпен қорытындыланады.

Ал 15 қыркүйекте елордадағы Ұлттық мұражайда «Өз отыңды өшірме» атты жазушының шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтіп, сол күні кешке астаналық «Жастар» театрында «Қар қызы» спектаклі сахналанады. «Әзірет Сұлтан» мешітінде жазушының рухына құран бағышталып, ас беріледі.

Одан бөлек Оралхан Бөкейдің жастық шағы өткен Алматыда 28-30 қыркүйек аралығында да бірнеше іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Ең алдымен Жазушылар одағы драматург шығармашылығы тақырыбына арнап конференция ұйымдастырып, ас беріледі. 29 қыркүйекте ақындар айтысын Алатау театрында өткізу қарастырылып отыр.  
Достарыңызға айтыңыз: