Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Сізді 2023 жылғы 15 қыркүйекте Ақтау қаласында өтетін ҚР туризмді дамыту жөніндегі халықаралық туристік форумның жұмысына қатысуға шақырады.
Іс-шара отандық туризмді дамытудың ағымдағы трендтері мен перспективаларын зерделеуге, сондай-ақ инвесторлар мен жаңа серіктестерді іздеуге мүмкіндік береді.
Форум туризм индустриясын және онымен байланысты салаларды дамытуға байланысты көптеген мәселелерді талқылауға тамаша алаң болады.
Форумның пленарлық бөлігіне ҚР Премьер-Министрі А.А. Смайылов, туризм саласындағы мемлекеттік органдар мен халықаралық компаниялардың басшылары, сондай-ақ дипломатиялық корпус, қонақүйлер, авиакомпаниялар, жергілікті турбизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.
Форумға қатысу үшін 2023 жылдың 8 қыркүйегіне дейін тіркеуден өтуіңізді сұраймыз https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeg9dmoBC8QTWprDFgkl8e1fYEqfGa35Ar61Y66rhOcITc4Iw/viewform?...