2023 жылғы 6 қазанда ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Бурабай ауданында Ақмола облысының тұрғындары, өңірдің туризм индустриясы мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен есептік кездесу өткізді.

Кездесу барысында туризмді дамытудың жергілікті тұрғындардан бөлек, бизнес-қоғамдастық та айтқан өзекті мәселелері талқыланды. Мысалы, Ресей Федерациясынан Щучинск қаласына тікелей теміржол маршруттарын іске қосу мүмкіндігі, балалар мен жасөспірімдер туризмін одан әрі дамыту: балаларға «Бурабай» ұлттық паркінің аумағына тегін өтуді қамтамасыз ету, лагерьлер салуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу және т. б.

Инвесторлар тарапынан Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту және бірыңғай даму стратегиясын әзірлеу бойынша арнайы жобалық кеңсе құру туралы ұсыныстар түсті.

Вице-министр барлық мәселелер қаралатынын, сондай-ақ өңірдегі туристік сектордың дамуын жақсарту үшін Үкімет пен мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Ержан Еркінбаев балалар әуебилетін субсидиялау тетігін (Кидс гоу фри) қайта қарау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Кездесу соңында вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, коммерциялық емес ұйымдармен кездесулер және бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өткізді. Сондай-ақ, проблемалық мәселелерді шешудің тиімді тәсілі ретінде ресми тәртіпте азаматтардың өтініштерінің маңыздылығына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, жұмыс сапары барысында жергілікті халық пен турбизнес Бурабайдағы қорық орындарының қауіпсіздігі мен қорғалуын күшейту мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, вице-министрге «Smart National Park Burabay» өртке қарсы қауіпсіздіктің және жаңа технологиялар жүйесінің жұмыс принциптері көрсетілді.

Сондай-ақ, туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев өңірдегі туристік қызығушылығы жоғары нысандармен, соның ішінде «Skala» эко-қонақ үйімен, «Avenue» бутик-қонақ үйімен танысты.

#халықпенкездесу

Достарыңызға айтыңыз: