«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен «Джиу-джитсу ұлттық федерациясы» ҚБ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты Тараптардың іс-шаралық және спорттық туризмді дамыту, одан басқа бұқаралық спортты, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қолдау жөніндегі ынтымақтастығы болып табылады.

Тараптар бірлескен халықаралық чемпионаттар және т.б. джиу-джитсу турнирлерін өткізу туралы келісімге келді.

Одан бөлек «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ тарапынан бірлескен іс-шараларды ақпараттық қолдау көзделген.

Бұл ретте, Тараптардың келісімі бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі алдағы іс-шаралар күнтізбесін жариялайды:
• AJP Tour Astana International Jiu-Jitsu Championship: December 2-3, 2023
• AJP Tour Almaty International Jiu-Jitsu Championship: December 23-24,2023
• AJP Tour Astana International Jiu-Jitsu Championship: January 20-21, 2024
• AJP Tour Almaty International Jiu-Jitsu Championship: February 17-18, 2024
• AJP Shymkent Jiu-Jitsu Festival 2024: March 3, 2024
• AJP Tour Almaty Regional Jiu-Jitsu Championship: March 16-17, 2024
• AJP Tour Astana International Jiu-Jitsu Championship: March 25-26, 2024

Достарыңызға айтыңыз: