Медициналық орталықтар мен 10 елдің сарапшылары Қазақстан астанасында емдеу, оңалту, сауықтыру және медициналық туризм бойынша өзекті қызметтерді ұсынады. Іс-шара 16-17 қарашада «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.

UNITED MEDICAL TOURISM EXPO аясында қонақтар жетекші компаниялар мен медициналық орталықтар ұсынған озық медициналық инновациялар мен технологиялармен танысуға бірегей мүмкіндік алады.

Көрмеде санаторийлердің, SPA-қонақүйлердің және емханалардың кең таңдауы ұсынылады. Келушілер медицинаның әртүрлі салаларындағы сарапшылармен сөйлесе алады, емдеу немесе сауықтыру мақсатында медициналық мекемені таңдай алады. Сондай-ақ, іс-шара Қазақстан мен шет ел мамандары арасында тәжірибе алмасу және әріптестік келісімдер үшін жаңа перспективалар ашады.

Көрме секциялары озық технологиялар мен емдеу әдістерінен бастап оңалту бағдарламалары мен сұлулық күтімі қызметтеріне дейінгі әртүрлі медициналық қызметтерді қамтиды.

UNITED MEDICAL TOURISM EXPO медициналық туризм саласындағы соңғы үрдістермен танысуға және саланың дамуына ықпал ететін инновациялық тәсілдерді ашуға бірегей мүмкіндік береді.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ  іс-шараның ақпараттық серіктесі болып табылады.

Көрмені ұйымдастырушылар медициналық мекемелерді, қауымдастықтар мен агенттіктерді іс-шараға қатысуға және әлемдік медициналық туризмді дамытуға өз үлестерін қосуға шақырады.
Тіркеу ашық, қосымша ақпаратты www.umtexpo.com ресми сайтынан алуға болады.

Көрмеге барғысы келетіндердің барлығы билетті тегін ала алады. Ол үшін ұйымдастырушының сайтында сілтеме бойынша тіркеліңіз:
https://umtexpo.com/poluchit-bilet-2?utm_source=pr&utm_medium=site&utm_campaign=qaztourism


Достарыңызға айтыңыз: