27 қазанда Португалияның Калдаш да Раинья қаласында жыл сайынғы ART&TUR халықаралық туристік кинофестивалі 16-шы рет өтті.
Кинофестивальде «Kazakhstan - Like Never Before» саяхат туралы қазақстандық бейнеролик «Үздік елдік ролик» және «Үздік жарнама кампаниясы» санаттарында жеңімпаз атанды («Destination - Countries», «Advertising Campaign»).
Kazakh Tourism ұлттық компаниясы жасаған «Kazakhstan - Like Never Before» бейнеролигі Катарлық, Бельгиялық және Қазақстандық тревел-блогерлердің Түркістан мен Алматы маңы бойынша саяхатын көрсетіп, елімізді жаңа қырынан тануға шақырады.
Бейнероликті дайындаумен Адилет Рахметолла мен Константин Киквидзе бастаған Қазақстандық біріккен шығармашылық топ айналысты.
Байқауға әлем бойынша жобалар қатысып, жарнамалық кампаниялар, жарнамалық фильмдер, анимациялар, авторлық саяхат бейнероликтер, деректі фильмдер, веб-құжаттар және телебағдарламалар сияқты бағыттар қамтылды.
Халықаралық қазылар алқасының құрамына аудиовизуалды кино, туризм, маркетинг және коммуникация саласындағы мамандар мен сарапшылар кірді.
Айта кетейік, бұл аталған алаңдағы алғашқы жетістік емес. 2021 жылы фестиваль аясында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы шығарған «Travelstan» бейнеролигі үздік жарнама ролигі атанды, ал өткен жылы «Томас пен Люси Аткинсондардың Қазақстанға көзқарасы» коммуникациялық жобасы екінші орынға ие болды.