«Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025»: Алматыда үздік ІТ-шешімдер ұсынылады

«Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025»: Алматыда үздік ІТ-шешімдер ұсынылады

2025 жылғы 22 сәуір күні сағат 10:00-де Алматы қаласында «Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» ірі форумы өтеді. Маңызды іс-шара туризм индустриясы мен қонақжайлық саласында озық ІТ-шешімдер мен технологиялық трендтерді ұсынады.

Форум үш тақырыптық панельдік пікірталастан тұрады және келесі тақырыптар кеңінен талқыланады:

·мемлекеттік цифрлық қызметтердің рөлі (GovTech)

·туризм индустриясындағы цифрландыру мәселелері (TravelTech)

·қонақжайлылық саласына арналған цифрлық технологиялар (HotelTech)

Форумға қатысушыларға Қазақстан аумағында тұрғын үйді брондауға арналған мобильді қосымша және виртуалды туристік Your Pass картасы таныстырылады.

Іс-шара Қазақстанның және таяу шетелдің жетекші сарапшыларын, кәсіпкерлерін, стартап жәнетехнологиялық компанияларының өкілдерін тоғыстырады. Оның ішінде inDrive, Яндекс, Mastercard, Sabre, Mapster және басқалары бар.

Форумның ең маңызды оқиғаларының бірі - стартап-питчинг. Сала сарапшылары туризм саласындағы ең перспективалы 10 ІТ-шешімді анықтайды. Үздік тревел-стартаптар байқауының жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.

Форумға қатысу үшін 21 сәуірге сағат 15:00-ге дейін ресми сайтта міндетті түрде тіркелу қажет: https://forum25.pana-asia.kz/

Өтетін күні: 2025 жылғы 22 сәуір, сағат 10:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасы (Әл-Фараби даңғылы, 71/27)

Достарыңызға айтыңыз: