Астанада «Цифрлық Жібек жолы – 2025» форумы өтті
Қазақстандық туроператорларға қытайлық нарықта қатысуын күшейту мүмкіндігіұсынылды. Цифрлық интеграция мен ілгерілету мәселелері «Цифрлық Жібек жолы– 2025» форумы аясында талқыланды. Басқосу екі елдің жетекші сарапшыларын, туроператорларын, қонақ үй индустриясы мен технологиялық компанияларөкілдерін біріктірді. Негізгі мақсат - туризм саласындағы өзара тиімді әріптестіктінығайту және цифрлық трансформация жағдайында саланы дамытудың жаңашешімдерін қарастыру.
Форум қатысушыларының назарын екі ел арасында туризм бойынша цифрлықсеріктестікті дамыту мәселесі аударды. Биылғы маусым айында Kazakh TourismҚазақстанның туристік әлеуетін Қытай нарығында ілгерілету мақсатында ҚХР ірі туристікплатформаларының бірі саналатын Zowoyoo компаниясымен ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойды. Бұл қазақстандық туроператорларға, қонақ үйлер мен туристікнысандарға өз қызметтерін аталмыш платформада және Douyin (TikTok баламасы), Xiaohongshu (Little Red Book) және басқа да әлеуметтік желілерде орналастыруға жол ашады.
«Қытайда бізге белгілі әлеуметтік желілер мен әлемдік брондау жүйелеріқолданылмайды. Сондықтан Қазақстанды тиімді ілгерілету үшін Zowoyoo тәрізді жергілікті аудиторияны жақсы білетін, тәжірибесі бар серіктестер қажет. Бұл компания қазақстандық бизнестің туристік өнімдері мен қызметтерін қытай тілінежәне жергілікті пайдаланушыларға түсінікті форматқа бейімдеуге көмектеседі. Zowoyoo өз қаражаты есебінен бұл жұмысты жүргізуде. Бұл бағытта мемлекеттарапынан бірде-бір теңге жұмсалмайды. Нәтижесінде, қазақстандық турбизнесҚытай нарығына тікелей шығып, нақты туристік сұраныстарды қабылдауға мүмкіндік алады», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушыДаниел Сержанұлы.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға Қытайдан шамамен 260 мыңмейман келген. Zowoyoo секілді цифрлық платформалар онлайн брондаудыңыңғайлылығы мен жекелендірілген контент арқылы туристер ағынын одан әрі арттыруғажол ашады.
«Қазақстан туралы бейнероликтер Қытайдың цифрлық платформаларында 5 миллиардтан астам қаралым жинады. Бұл – өте жақсы нәтиже. Біз жылына шамамен1 миллион турист тартуды жоспарлап отырмыз. Олардың Қазақстанға сапарларынан 2–3 миллиард АҚШ долларына дейін кірісті қалыптстыруға ниеттіміз. Басты мақсатымыз – технологияларды пайдалана отырып, Қытай туристерінің Қазақстанға саяхатын барынша ыңғайлы ету», – деп атап өтті Zowoyoo компаниясының өкілі Фу Сюэцзя.
Атап өткен жөн, биыл Zowoyoo компаниясы Орталық Азиядағы алғашқы кеңсесін Алматы қаласында ашты. Бұл туристік контентті қытай тіліне бейімдеу және тарату саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге жасалған маңызды қадамға айналды.