Іскерлік туризм: Астана әлемнің 114 елінен делегаттарды біріктірді

Іскерлік туризм: Астана әлемнің 114 елінен делегаттарды біріктірді

Іскерлік туризм: Астана әлемнің 114 елінен делегаттарды біріктірді

Бүгін Астанада IFLA-ның 89-шы Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресінің өз жұмысын бастады. Кітапхана ісі саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара алғаш рет Орталық Азияда өтуде.

Конгресс жұмысына әлемнің 4 елінен 1700 жуық делегат қатысуда. Оның ішінде ұлттық кітапханалардың, ғылыми мекемелердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Ең ірі делегациялар қатарында - АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Германия. Қатысушылардың шамамен төрттен бір бөлігіне жуығы Еуропа елдерінен келді.

Конгрестің ашылу салтанатында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ишенкулов, IFLA президенті Вики Макдональд, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы, ҚР ЖОО кітапханалары қауымдастығының президенті Гүлжан Иржанова сөз сөйледі.

«IFLA алғаш рет Орталық Азияда Конгресс өткізуде және биыл бұл шараға бірінші рет келген делегаттардың үлесі ең жоғары деңгейде. Біз бұл Конгрессті кітапхана-ақпараттық қызметтерді тұрақты дамытуға арналған ұлттық стратегияны әзірлеуге, кәсіби дамуға қолайлы жағдай жасауға және қазақстандық кітапханаларды жаһандық кәсіби желіге интеграциялануына мүмкіндік беретін катализатор ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті IFLA президенті Вики Макдональд.

Төрт күнге созылатын Конгресс кітапхана-ақпарат саласындағы өзекті үрдістер, цифрлық инновациялар мен тұрақты даму мәселелерін талқылауға арналған басты жаһандық алаңға айналады. Бағдарламада жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрлық кітапханалар, инклюзия және қорларды сақтау тақырыптарына арналған 86 сессия және 15 сайд-ивент қарастырылған.

Астанаға Американдық кітапхана қауымдастығы, ISSN халықаралық орталығы, Король Абдулазиз атындағы көпшілік кітапхана, Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум кітапханасы қоры, Taylor & Francis, Springer-Verlag секілді жетекші халықаралық ұйымдар мен баспалар өкілдері келді.

Конгресті өткізу құқығы Kazakh Tourism, Астана туризм және «ЖОО кітапханалар қауымдастығы» ҚБ бірлесе дайындаған өтінім негізінде берілді.

Бұл МІСЕ-іс-шарасын өткізу Астанаға шамамен 2 млн еуро табыс әкеледі деп күтілуде. Жалпы кіріс шетелдік делегаттардың тұру, көлік, тамақтану және басқа да қызметтерге жұмсаған шығындары есебінен құралады. Орташа есеппен әрбір мейман өз сапары барысында шамамен 1400 доллар жұмсайды.

Конгресс қонақтарына іскерлік бағдарламамен қатар Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысып, елорданың көрнекті орындары мен туристік нысандарын көруге мүмкіндік ұсынылады.

Атап өткен жөн, IFLA (International Federation of Library Associations and Institutions) - кітапхана ісіндегі кәсіби мамандардың ең ірі жаһандық қоғамдық ұйым. Ол кітапхана ісінің озық тәжірибесін жинақтайды және талдайды, кітапханада қызмет көрсетуді және ақпаратты ұйымдастыруда халықаралық стандарттарды әзірлейді.

Достарыңызға айтыңыз: