Талғат Ғазизов туризм қауымдастығына 2026 жылға арналған іс-шаралар күнтізбесін таныстырды

Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосыновтың туристік қауымдастық өкілдерімен кездесуі барысында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін таныстырды.

Күнтізбе еліміздің барлық өңірлерін қамтитын 55 якорлық іс-шараны біріктіреді және ішкі туризмді дамытуға, өңірлік брендтерді ілгерілетуге бағытталған. Іс-шаралардың басым бөлігі дәстүрлі сипатқа ие және жыл сайын тұрақты түрде өткізіледі.

Туризм индустриясының өкілдері бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі өңірлердің туристік бірегейлігін нығайтуға, олардың танымалдылығын арттыруға және жаңа туристік маршруттарды қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Талғат Ғазизов іс-шараларды жүйелі түрде жоспарлау туристерге сапарларын алдын ала жоспарлауға, ал бизнеске нақты мерзім мен локациялар бойынша туристік өнімдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретініне тоқталды. Бұл өз кезегінде маусымдылықты төмендетуге де ықпал етеді.

Атап өткен жөн, іс-шаралар күнтізбесі Туризм және спорт министрлігімен бірлесе Мемлекет басшысы өткен жылы Ұлттық құрылтай отырысында  берген тапсырмаға сәйкес әзірленді. Күнтізбеге мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық іс-шаралар енгізілген. Оларды сайтта көруге болады: https://event.qaztourism.kz/?lang=kz
Достарыңызға айтыңыз: