ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамына барды. Сонымен қатар кездесуге Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысты.

 Іс-шара барысында компания төрағасы Талғат Аманбаев ұйым жұмысының негізгі бағыттары, туризм саласын дамытудың проблемалық аспектілері туралы және болашақ жоспарлары туралы толығырақ айтып берді.

 Кездесуде Дәурен Абаев еліміздің рекреациялық және туристік әлеуетін арттыру ісінде компанияға ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

 «Біздің мақсатымыз – әлемге Қазақстанның шұрайлы әрі көрікті жерлерін ғана көрсету емес екендігін түсінуіміз қажет. Сонымен қатар біз халықаралық инвесторлармен ынтымақтасуға, инфрақұрылымды дамытуға және Қазақстан туралы толығырақ білгісі келетін барлық адамдар үшін тиісті жағдай жасайтын, өз міндеттемелерін қатаң орындауға дайын ашық мемлекетті ұсынуға тиіспіз. Бұл ел экономикасына туристік саланың үлесін арттыруға және оның шетелдегі оң имиджін нығайтуға мүмкіндік береді», - деді Дәурен Абаев.

 Сондай-ақ, министр бүгінде мемлекет туристік бағыттардың инфрақұрылымын сапалы жаңартуға елеулі инвестициялар салып жатқанын, елге туристерді тарту үшін, сондай-ақ Қазақстанның туристік саласын дамытуға қаражат салуға дайын инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер мен преференциялар ұсынылғанын айтты.

 Сөз соңында Дәурен Абаев туризм саласы мен Kazakh Tourism компаниясының алдында тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті.
Достарыңызға айтыңыз: