Министрліктің туризм саласындағы қызметі туралы кеңейтілген алқа отырысы өтті
Министрліктің туризм саласындағы қызметі туралы кеңейтілген алқа отырысы өтті 

 Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің өкілдері, облыстық туристік сала басқармаларының басшылары, ҚР МСМ, "Атамекен" ҰКП ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ туристік сала мен бизнес өкілдері қатысты.

 Алқа отырысына қатысушылар алдында сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Сындарлы мемлекеттік саясаттың және туристік қауымдастықпен үйлесімді өзара іс-қимылдың арқасында саланың жүйелі дамуы қамтамасыз етілуде. Нәтижесінде 2021 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 564,4 млрд. теңгені құрады».

 Е.Тоғжановтың айтуынша, өткен жылы туризм саласында қабылданған заңнамалық өзгерістер саланың ең маңызды аспектілерін қозғайтын жаңа теңдессіз мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Бізге теміржол көлігіндегі және әуе қатынасы желілеріндегі жолаушылар ағынын ұлғайту қажет, бұл ішкі нарықтағы туристік ағынның өсуіне әкеледі. Бұл тұрғыда халықаралық тәжірибені, әсіресе Австрия, Франция, Түркия сияқты алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін зерделеп, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, үздік тәжірибе үлгілерін өзімізде енгізу қажет», - деді Е.Тоғжанов.

 Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары барлық әкімдіктерге басым туристік бағыттардағы инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.  
Дәурен Абаев Министрліктің 2021 жылы атқарған жұмысы және алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы есеп берді. 

 Министр бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайға және қабылданған карантиндік шараларға қарамастан, салада оң үрдістер байқалатынын атап өтті. Мәселен, 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 5,2 млн.адамды құрап, 2019 жылдың карантинге дейінгі көрсеткішінен 100 мың адамға артты.

 Сонымен қатар, Д.Абаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризм саласын мемлекеттік саясаттың перифериясынан шығару, оны елдің экономикалық өсу драйверлерінің бірі ету бойынша нақты міндет қойғанын атап өтті.

 Сондай-ақ, Министрлік белсенді жұмыс жүргізетін 8 басым бағыт атап өтілді: туристік бизнесті қолдау; отбасылық демалыстың қолжетімділігіне бағытталған әлеуметтік бастамалар; мектеп туризмін дамыту; жаңа туристік бағыттарды әзірлеу және енгізу; келу туризмін ынталандыру; эко-және агротуризмді дамыту; туристік әлеуетті нығайту үшін креативті индустрияларды іске қосу бойынша шараларды әзірлеу.

 Д.Абаев балалар демалысын дамытуға баса назар аударуды тапсырды. «Өткен жылы біз балалар мен жасөспірімдер туризмі нысандарына түгендеу жүргіздік. Республика бойынша бізде 202 балалар лагері бар екені анықталды. Олардың үштен бірі 1952-1990 жылдар аралығында салынған. Көпшілігінде материалдық-техникалық база ескірген. Осыған байланысты жетекшілік ететін вице-министрге және «Kazakh Tourism» балалар-жасөспірімдер және сауықтыру туризмін дамыту жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын. Егер қажет болса, біз тиісті бағдарламаны қабылдауға дайынбыз», - деді министр.

 Талғат Аманбаев «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қызметі туралы есеп берді. Өз сөзінде ол туристік саланың сәтті цифрландырылуын, атап айтқанда, e-Qonaq, kazakhstan.travel, e-shagym, view project, tourism online және tourstat сияқты жобаларды қамтитын қалыптастырылған ақпараттық экожүйені ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Т.Аманбаев Кids Go Free бағдарламасының басталуы туралы айтты. Бағдарлама аясында 14 туроператор жұмыс істеп, турлардың алғашқы сатылымы жасалынды. 

 Сонымен жиын барысында сөз сөйлегендердің арасында: 

    - «Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің» ректоры Майнұра Мырзамадиева («Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» КЕАҚ қызметі туралы); 

   - «Rixos Aktau» менеджері Серік Исағалиев (Маңғыстауда туризмді дамыту туралы); 

   - «Таун Плюс» ЖШС басшысы Жәнібек Әлкеев (Ұлттық парктерде туризмді дамыту туралы);

   - «Тамыр» мектебінің жетекшісі Әсел Исанова («Туристік Қамқор» қорының қызметі туралы); 

   - Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығының президенті, «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының төрағасы Инна Рей (Белсенді демалыс және туристердің қауіпсіздігі);

   - «ML Tour» туроператорының директоры Елена Хван (Kids Go Free бағдарламасын іске асыру туралы); 
 
   - «Turan Asia» туроператорының директоры Гүлгайша Қасенханова )Келу туризмін дамыту мәселелері туралы);

   - Саяхатшы, «Jartogai» глэмпингінің өкілі Амандық Әмірхамзин (Ауылдық жерлерде туризмді дамыту туралы) болды. 
   
   - «SCIJ» халықаралық журналистер клубының Қазақстандық бөлімшесінің Бас хатшысы Андрей Кукушкин маркетинг және MICE туризм бойынша ұсыныстар жасады.
Достарыңызға айтыңыз: