2022 жылғы 29-31 наурызда Даммам, Рияд және Джидда қалаларында Қазақстанның туристік әлеуетін насихаттайтын Роуд-шоу өтті, ол аталған қалалардың сауда-өнеркәсіп палаталарының (СӨП) алаңдарында өткізілді.

Роуд-шоуды "Kazakh Tourism" ҰК АК қолдауымен, ҚР Сауд Арабиясындағы Елшілігі және "Visit Almaty" Алматы қаласының туризм басқармасы  ұйымдастырды.

Үш күндік іс-шараға қазақ тарапынан Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын, "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ төрағасы Талғат Аманбаев, Қазақстанның Жиддадағы Бас консулы Т. Шалданбай, Visit Almaty директорының орынбасары А.Қоңырқанов, сондай-ақ қазақстандық "SkyWay", "KOMPAS", "Qazaq Travel", "Qazaq Travel", "Kite Travel", "Sinyar Travel and Tourism", "Empire Travel Qazaqstan" туристік және "SCAT", "Air Astana", "FlyArystan" әуе компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Сауд тарапынан Шығыс провинциясының СӨП төрағасы Бадер Әл-Резиза, Рияд қаласының СӨП Вице-төрағасы – САК СӨП Федерациясы Туризм комитетінің төрағасы Наиф Әл-Раджхи, Жидда қаласының СӨП Бас хатшысы Рамиз Әл-Галеб, сондай-ақ Рияд, Жидда және Шығыс провинциясының сауда палаталарының мүшелері, 100-ден астам басшылар мен өкілдері, соның ішінде "Seera Group", "FlyNas", "Dnata", "Almosafer", "Saudi International Travel", "Al Sarh", "Arjaa" және т.б. ірі компаниялар қатысты.

Елші Б.Арын өзінің ашылудағы сөзінде Орталық Азияны Парсы шығанағымен байланыстырған және Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық, мәдени, саяси және рухани өзара іс-қимылды дамытуда маңызды рөл атқарған ежелгі "Жібек жолы" дәуірінде орнатылған Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тарихи байланыстарға назар аударды.

Осыған байланысты ол қатысушыларды екі мемлекеттің азаматтары үшін жаңа туристік бағыттар ретінде Қазақстан мен Сауд Арабиясын ілгерілету бойынша бірлескен науқан өткізу арқылы елдер арасындағы тығыз ынтымақтастықты қалыптастыруға шақырды.

Осы тұрғыда, Елші ҚР Үкіметі жүзеге асырып жатқан туристік индустрия мен инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде САК азаматтары үшін визалық талаптарды алып тастау, қазақстандық әуе желілерінің екі елдің қалалары арасында тікелей әуе рейстерін іске қосу, ҚР әуежайларында "ашық аспан" режимін ұсыну және т.б. шаралармен таныстырды.

ҚР Елшісінің айтуынша, бұл қадамдар туристік ағымның артуына ғана емес, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты үдетуге, сапарлармен алмасуға, өзара инвестицияларды тартуға, екі ел арасындағы саяси сұхбатты кеңейтуге қолайлы жағдай туғызады.

Қазақстандық компаниялар өз қызметтері туралы айтып, Қазақстандағы туристік мүмкіндіктермен таныстырды. Туркомпаниялар бүгінгі таңда Қазақстан танымдық – ойын-сауық турларынан бастап денсаулықты сауықтыру, іскерлік және экотуризмге дейін туристік қызметтердің барлық түрлерін ұсына алатынын атап өтті.

Алматы және Қазақстанның басқа қалалары, өңірлерінің табиғи көріністері мен көрікті жерлері туралы бейнероликтер жеке көрсетілді, сондай-ақ қазақ фольклорлық музыкасының концерттік бағдарламасы және қазақ халқының ұлттық тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, қазақстандық әуе желілері ҚР мен САК арасындағы қолданыстағы тікелей рейстер және жаңа бағыттар бойынша, соның ішінде Корольдіктің астанасы Рияд қаласына әуе жолын іске қосу жөніндегі жоспарлар туралы ақпарат берді.

Роуд-шоу аясында B2B алаңдары ұйымдастырылып, жергілікті бизнес қоғамдастықтың қазақстандық туроператорлармен және әуе компаниялармен тәжірибелік кездесулері өтті. Келіссөздер нәтижелері бойынша қазақстандық туристік компаниялар бірқатар саудтық туроператорлармен ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттарға қол қойды.

Жалпы, сауд тарапы өткізілген іс-шараларға жоғары баға берді. Олардың айтуынша, Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы қажетті ақпарат алуға мүмкіндік туды. Осыған байланысты саудтық туркомпаниялар қазақстандық туроператорлармен, оның ішінде келісім-шарттар жасасу, Сауд Арабиясы аумағында Қазақстанның жарнамалық туристік науқанын өткізу, қазақстандық әуе компаниялардың билеттерін сату және т.б. арқылы серіктестік қатынастар орнатуға әзір екендіктерін білдірді.

Атап өту қажет, Рияд, Жидда және Даммам қалалары орналасқан Сауд Арабиясының провинциялары Корольдіктің ең ірі үш аймағы болып табылады, онда 23 млн. астам адам немесе САК халқының 65%-ы тұрады.

Бұл ретте, Сауд Арабиясы азаматтарының сыртқа шығу туристік әлеуеті араб елдері арасында ең жоғары болып табылады. Мысалы, пандемия басталғанға дейін жылына 9 млн. саудтық турист шетелге баратын, ал саудтықтардың шетелде демалуға жыл сайынғы шығындары 20 млрд. АҚШ долларынан асады.

Достарыңызға айтыңыз: