Kazakh Tourism ҚазСтандартпен бірлескен жоспарға қол қойды
Қоғамның басым міндеттерінің бірі - туристік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда туризмнің әртүрлі субъектілері үшін 100-ден астам ерікті стандарт бекітілген, алайда басты мәселе - олардың бар екендігі туралы көбі білмейді және оларды практикада қолданбайды. 
Сондықтан, біздің міндетіміз – бір жағынан стандарттарды жетілдіру бойынша жұмыс жасау, екінші жағынан осы стандарттарды басым бағыттарда қолдануды қамтамасыз ету. Осылайша, сапа стандарттарын енгізу үшін бүгін ҚазСтандартпен бірлескен Жоспарға қол қойылды.
Жоспарға сәйкес, осы жылдың мамыр айынан бастап біз стандарттарды ұлттық парктер мен орналасу орындарына таныстырамыз, стандарттардың талаптары туралы айтып береміз және анықталған стандарттарға сәйкессіздіктерді жоюға жәрдемдесеміз.
Достарыңызға айтыңыз: