Ресейлік туристер Бурабай курорттық аймағында белсенді демалуды таңдайды
Ағымдағы жылдың 19-22 мамыр аралығында Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Visit Aqmola» Туристік ақпараттық орталығы Екатеринбург, Қорған, Челябинск, Түмен, Омбы және басқа қалалардан келген ресейлік туркомпанияларға ақпараттық тур өткізді.

Іс-шара ресейлік туркомпанияларды Бурабай және Зеренді курорттарының үздік демалыс орындарымен кеңінен таныстыруға бағытталған.

Қорған облысының туризмді дамыту қауымдастығының төрағасы Наталья Краснова қазіргу таңда ресейлік туристер Бурабай курорттық аймағында белсенді демалуды таңдайтынын атап өтті.

Ақпараттық тур аясында Ақмола облысының туристік мүмкіндіктерін таныстырумен өңірдің демалыс объектілері өкілдерінің қатысуымен B2B кездесулер де өтті.

«В2В кездесу біз үшін тамаша мүмкіндік, өйткені біз аптасына Бурабайға үш жүзден бес жүзге дейін қонақ әкелеміз. Біз барлығы қамтылған турларды ұсынамыз, яғни бағдарламаға: трансфер, орналасу, күніне үш рет тамақтану, ойын-сауық бағдарламалары, тауға шығу кіреді. Биыл Ақмола облысына Ресейден, Омбыдан, ал болашақта Түмен мен Қорғаннан туристерді әкелуді жоспарлап отырмыз», - деді «Hangout Tour» турагенттігінің директоры Стрельцов Игорь.

«Бізге жаңа қонақ үйлер, әсіресе Wyndham Garden Burabay ұнады, ол өзінің қонақ үй базасымен, ішкі инфрақұрылымымен, сондай-ақ соңғы медициналық жабдықтарымен таң қалдырды. Біз осыған дейін көптеген қонақ үйлер мен санаторийлерді болғанымызбен мұндайды әлі көрген жоқпыз», - деді «Pegas Touristik» туристік агенттігінің директоры Семикина Татьяна.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл іс-шара қонақтарға әріптестерімен тәжірибе мен ақпаратпен бөлісуге, өздерінің туристік нысандарын таныстыруға, Ақмола облысына туристерді жіберу бойынша келісімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Достарыңызға айтыңыз: