«#TravelKazakhstan» байқауын өткізу Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) TikTok әлеуметтік желісінде өткізілетін «#TravelKazakhstan» байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу тәртібін анықтайды, Байқау әлеуметтік желілер пайдаланушылардың «@Travel.Kazakhstan» аккаунттарынына қызығушылығын арттыру және Қазақстан Республикасында туризмді ілгерлету үшін өткізіледі.  

1.    Байқауды өткізудің жалпы ережелері

1.1. Байқаудың атауы – «#TravelKazakhstan»;

1.2. Өткізу аумағы - Қазақстан Республикасы, Интернет желісіндегі TikTok әлеуметтік желісі. Байқау онлайн өткізіледі.

1.3. Бұл Байқау лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын емес;

1.4. Байқау осы Ережелерге сәйкес анықталмаған адамдар тобы арасында өткізілетін ашық акция болып табылады. 

1.5. Байқаудың тәртібі мен шарттары туралы ақпарат осы Ережелердің толық мәтінін Ұйымдастырушының ресми корпоративтік сайтында (https://www.qaztourism.kz/) жариялау арқылы Байқау қатысушыларға жеткізіледі.

2. Байқауды Ұйымдастырушы.

2.1. Байқауды Ұйымдастырушы, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және конкурс шеңберінде әрекет ететін заңды тұлға, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/14 ғимаратында орналасқан «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (тел/факс 8 (7172) 91-95-00) болып табылады.

2.2. Байқаудың Демеушісі – Байқаудың жүлде қорын қамтамасыз ететін заңды тұлға. 

3.  Байқаудың өткізу мерзімдері

3.1. Байқаудың өткізілетін мерзімі: 2022 жылдың 07 маусымынан 12 шілдесіне дейін. 
3.2. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың мерзімі: 2022 жылғы 07 маусымнан 27 маусымға дейін. 
3.3 Жеңімпаздарды жариялаудың соңғы мерзімі: 2022 жылдың 4 шілдеде Нұр-Сұлтан қ. уақытымен саған 18:00-де.

            Байқау Ұйымдастырушыларына байланысты емес шарасыз мән-жайлар туындаған жағдайда, жеңімпаздарды жариялаудың соңғы мерзімі өзгертілуі мүмкін.

3.4. Байқау жүлделерін ұсыну (жіберу) мерзімі: 2022 жылғы 5 шілдеден 11 шілдеге дейін. 
3.5. Байқау Ұйымдастырушы Байқау өткізілетін мерзімін өзгертуге құқылы. Ол үшін TikTok әлеуметтік желісіндегі @Travel.Kazakhstan ресми аккаунтында қатысушыларды Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың мерзіміне 3 (үш) күн қалғанда Байқау өткізілетін мерзімін өзгерту туралы хабардар ету қажет.

4. Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 18 жасқа толған еңбекке қабілетті, жеке кәсіпкерлік субъектілері емес тұлғалар Байқауға қатысушылар бола алады. 

4.2. Байқауға қатысушының құқықтары:

4.2.1 осы Ережелерден Байқаудың шарттары туралы толық ақпарат алуға; 
4.2.2. егер ол осы Ережелерге сәйкес Байқаудың жеңімпазы болса, осы Ережелерде көрсетілген Байқаудың жүлделерін беруді талап етуге; 
4.2.3. Ережелерде белгіленген Байқау нәтижелерін шығарудың соңғы мерзімінен кешіктірмей Ұйымдастырушыны жазбаша түрде хабардар ету немесе @Travel.Kazakhstan аккаунтының модераторына хабарлама жазу арқылы Байқауға қатысудан бас тартуға құқылы.

4.3. Қатысушы міндеттенеді:

4.3.1. Байқауға қатысуға байланысты барлық әрекеттерді орындауға; 
4.3.2. егер ол Байқаудың жеңімпазы болса, Ұйымдастырушыға қажетті ақпаратты беруге және осы Ережелерге сәйкес жүлдені алуға бағытталған іс-шараларды орындауға; 
4.3.3. нақты және өзекті (анық) деректерді беруге міндеттенеді; 
4.3.4. осы Ережелерде көрсетілген басқа да талаптар мен міндеттемелерді орындауға міндетті.

4.4. Байқауға қатысқанда қатысушы:

         · осы Ережелермен толық келіседі; 
         · Ережелерде көзделген барлық талаптарға сәйкестігін растайды; 
         · Ережелерде көзделген жеке деректерін өңдеуге келіседі;

· посттың астындағы пікірлерін Ұйымдастырушы пайдалана алады, сондай-ақ Ұйымдастырушының қалауы бойынша кез келген сайттарда жарияланғанымен келіскенің білдіреді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында Байқауға қатысты ақпарат ретінде қатысушылардың қосымша келісімінсіз және оларға ешқандай сыйақы төлемей жарияланады.

4.5. Ұйымдастырушы қатысушының жасын және жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге және Байқаудың мақсаттары үшін қажетті басқа да мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы. 
4.6. Байқауға қатысушылар деп танылмайды және оған қатысуға құқығы жоқ азаматтар:

         · Ұйымдастырушының және Демеушінің қызметкерлері, Ұйымдастырушының және Демеушінің мүддесін білдіретін тұлғалар, сондай-ақ Байқауды дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын кез келген басқа компаниялардың қызметкерлері мен өкілдері және олардың жақын туыстары;      
    · Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұйымдастырушымен серіктес деп танылған тұлғалар; 
         · Кәмелеттік жасқа толмаған (18 жас) және осы Ережелерде көзделген өзге де талаптарға сай келмейтін тұлғалар. 

5. Байқауды ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері

5.1. Байқауды Ұйымдастырушының құқықтары: 

5.1.1. TikTok әлеуметтік желісінде @Travel.Kazakhstan аккаунтында ақпарат тарату арқылы осы Ережелерді Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың мерзіміне 3 (үш) қалғанда өзгертуге немесе Байқаудан бас тартуға;

5.1.2. өз қалауы бойынша қатысушыларға себептерін түсіндірместен және олармен хат алмасусыз, қатысушылар осы Ережелерді бұзатын әрекет жасаған жағдайда, Байқауға қатысушылардың кез келген әрекетін жарамсыз деп тануға;

5.1.3. Егер қатысушылар Байқау шарттарын бұзса, Байқауға одан әрі қатысуға және жеңімпаздар жүлдесін алуға жол бермеу;

5.1.4. осы Ережелерді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген және даулы жағдайларды қоспағанда, қатысушылармен жазбаша келіссөздер немесе басқа байланыстар жасамау.

5.2. Ұйымдастырушы осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Байқауды өткізуге міндеттенеді.

6. Байқаудың тапсырмалары және өткізу тәртібі

6.1. Байқауға қатысу үшін Байқауға қатысушы Ережелердегі 3.2-тармақта көрсетілген мерзімде TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында #TravelKazakhstan хэштегімен Қазақстан қаласы/облысы бойынша бейне-турды жариялауы қажет.

6.2. Байқау аясында ТикТоктағы қауіпсіздік ережелерін (https://www.tiktok.com/safety/ru-ru/privacy-and-security-on-tiktok/) бұзатын, немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзатын, жеке және заңды тұлғалардың өзге де құқықтары мен мүдделерін бұзатын кез келген ақпаратты пайдалануға және пікір ретінде бөлісуге, ақпаратты таратуға немесе әлеуметтік желіні пайдаланушылардың назарына басқа жолмен жеткізуге тыйым салынады.

6.3. Байқау жеңімпаздарының жалпы саны: 3 (үш) жеңімпаз.

6.4. Ережелердегі 3.3-тармақта көрсетілген мерзімде бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленетін Байқаудың қатысушылары Байқау жеңімпаздары болып табылады. Байқау жеңімпаздарын жариялау TikTok әлеуметтік желісіндегі @Travel.Kazakhstan ресми аккаунтында никнеймдарды жазу арқылы жүзеге асырылады.

7. Байқаудың Жүлде қоры және Жүлделерді алу тәртібі

7.1. Байқаудың демеушісі Байқаудың жүлде қоры ретінде үш жеңімпазға бір-бірден 3 (үш) DJI Mini 2 квадрокоптерлар* ұсынады.

*DJI Mini 2 – саяхатта да, күнделікті өмірде де жазуға жарамды, өте жеңіл, әрі  шағын квадрокоптер. Модель 30 кадр/с жылдамдықпен 4K бейне, 12 МП фотосуреттер, QuickShots және Panorama сияқты бірқатар инновациялық мүмкіндіктерді және 38 км/сағ жылдамдықтағы желдің екпініндегі жұмысты ұсынады, бұл әртүрлі орындар мен жағдайларда ұшуды жеңілдетеді. Квадрокоптер 31 минутқа дейін бір батарея зарядымен максималды ұшу уақытын қамтамасыз етеді. DJI Mini 2 квадрокоптер бір түрту арқылы жоғары сапалы түсірілім жасауға мүмкіндік беретін 5 алдын ала орнатылған QuickShot таңдауын ұсынады. Сондай-ақ оның 3 панорамалық режимі бар (кең, 180 градус және сфералық). Қашықтан басқару құралымен қосылуына байланысты құрылғы Wi-Fi-ға қарағанда тиімдірек, 10 км-ге дейінгі қашықтықта ұшуға және бейнені түсіруге мүмкіндік беретін OcuSync 2.0 технологиясын жүзеге асырады. Ең жоғары ұшу биіктігі 4 км-ге жетеді. Квадрокоптердың салмағы жеңіл (249 г), бұл оны кейбір елдерде тіркеусіз пайдалануға мүмкіндік береді.

7.2. Бірінші орын жеңімпазы 2022 жыл мерзіміне TikTok әлеуметтік желісіндегі @Travel.Kazakhstan ресми аккаунтының жүргізушісі болуға мүмкіндігін Ұйымдастырушы береді.

7.3. Жүлделердің ақшалай эквиваленті жоқ, жеңімпаздар жүлделердің орнына өздерінің ақшалай эквивалентін немесе басқа заттарды, өнімдерді, мүлікті және т.б. беруді талап етуге құқығы жоқ.

7.4. Жеңімпаз TikTok әлеуметтік желісіндегі @Travel.Kazakhstan аккаунтының жеке хабарламаларына: «Мен жүлдеден бас тартамын» деп жазу арқылы жүлдеден бас тартуға құқылы.

7.5. Жүлделерді ұсыну.

7.5.1. «DJI Mini 2 квадрокоптер» жүлделерін беру байқау жеңімпазына Демеушіден жеке немесе жеңімпаздардың орналасқан жеріне байланысты курьерлік қызметтерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

7.6. Ұйымдастырушының Байқау жеңімпаздарына жүлделерді беру жөніндегі міндеті жүлделер жеңімпаздар ұсынған мекенжайларға жіберілген сәттен бастап орындалды деп есептеледі.

7.7. Жүлдені алу үшін қатысушылар хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) күн ішінде өзінің байланыс деректерін (жеке күәлігі, байланыс телефоны, тұрғылықты жері және/немесе тіркеу мекенжайы және электрондық мекенжайы) Ұйымдастырушыға ұсынуы керек.

7.8. Егер жеңімпаз осы Ережелердегі 7.7.-тармағында көзделген көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, мұндай қатысушы жүлдені алудан бас тартты деп есептеледі және жүлде берілмейді, ал жүлде басқа қатысушыға беріледі. 

7.9. Жеңімпаздар ҚР Салық кодексінің 321-бабының 10-тармағына, сондай-ақ 320-бабына сәйкес салық төлеушінің тұтыс түрінде табыстарына 10% ставка бойынша салықты дербес төлеуге міндеттенеді.

8. Қорытынды ережелер

8.1. Байқаудың нәтижелері қорытынды болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

8.2. Ұйымдастырушының авторлық және/немесе зияткерлік қызмет нәтижелеріне өзге де құқықтарды бұзуға байланысты және/немесе оларды аккаунтқа және/немесе БАҚ-қа жариялауға байланысты үшінші тұлғалар Ұйымдастырушыға қарсы талаптар қойған жағдайда, мұндай бұзушылық үшін қатысушылар толық көлемде мойнына жауапкершілік көтереді.

         8.3. Байқауға қатысу туралы шешім қабылдаған кезде қатысушы өз еркімен ұсынған кез келген ақпаратты, соның ішінде қатысушының жеке деректері, Ұйымдастырушымен және оның уәкілетті өкілдерімен Байқауды өткізу және Ұйымдастырушының міндеттемелеріне сәйкес орындау мақсатында өңделуі және бұл үшін оған сыйақы төлемей мүмкін екенін растайды. Ұйымдастырушыға хабарлаған жеке деректер Ұйымдастырушымен Байқауды өткізу мақсатында барлық қажетті әдістермен өңделетінін түсінеді және осы Ережелерді қабылдағаннан кейін мұндай өңдеуге толықтай келіседі.

8.4. Байқауға қатысқан кезде қатысушы Ұйымдастырушыға Байқауды өткізу мақсатында дербес деректерді өңдеуге келісімін бергенін растайды. Дербес деректерді өңдеуді Ұйымдастырушы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған қағидаттар мен ережелерді сақтай отырып жүзеге асырады.

8.5. Осы Ережелерде дербес деректер ретінде қатысушының аты-жөні, оның байланыс телефоны және электрондық пошта мекенжайы, тұрғылықты жері және/немесе тіркеу мекенжайы, сондай-ақ оның TikTok-тағы парақшасының никнеймі мен ID-адресі болып саналады.

8.6. Байқау Ұйымдастырушы жауапты емес:

         - қатысушы Байқауға қатысу тапсырмасын орындауға мүмкіндік бермейтін интернет желісіндегі техникалық ақаулар үшін; 

         - қатысушы қосылған интернет-байланыс операторының әрекеттері/әрекетсіздігі үшін және Байқауға қатысу үшін орындалған тапсырманы бағыттау, жіберу, түсіру процесіне қатысатын басқа да тұлғалардың әрекеттері/әрекетсіздігі үшін; 

         - қатысушыларды Байқау нәтижелерімен таныстырмағаны үшін;

         - Ұйымдастырушыға байланысты емес кез келген себептермен жүлдені алу үшін қатысушылардан қажетті ақпаратты алмағаны үшін.

8.7. Бұл Ережелер Байқауға қатысудың жалғыз ресми ережелері болып табылады. Осы Ережелерді түсініксіз түсіндіруге мүмкіндік беретін жағдайлар және/немесе осы Ережелермен реттелмеген мәселелер туындаған жағдайда, мұндай түсіндіру және/немесе түсіндіру бойынша түпкілікті шешімді тікелей және тек Байқау Ұйымдастырушы қабылдайды.

8.8. Байқаудың барлық Қатысушылары Байқауға қатысуға және жүлдені алуға байланысты шеккен барлық шығындар үшін жауап береді (соның ішінде шектеусіз интернетке кіруге байланысты шығындар).

8.9. Осы Ережелерде қамтамасыз етілмеген сұрақтар бар болса, барлығында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары қолданылады.

Достарыңызға айтыңыз: