Алматы қаласындағы креативті хабтың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге байқау жарияланды

Креативті индустрия - жаһандық экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Қазақстанда соңғы жылдары шығармашыл, талантты, креативті жастар мен олардың ізбасардары көбейіп келеді. Креативті жастар санының артуымен олардың әлеуетін іске асыру үшін кеңістіктерге деген қажеттілік артып отыр.

2020 жылы Ұлыбританияның мәдени байланыстар мен білім саласындағы халықаралық British Council ұйымы, еліміздің басты мәдени орталығы Алматының 33-ке жуық шығармашылық кеңістіктердің тәжірибесін сараптады. 2013 жылдан бері тек 3 орын ғана жұмысын жалғастыруда.

Негізгі проблемалардың бірі - бірнеше адамнан тұратын кішігірім шағын ұжымды алсақ, олар әкімшілік, шығармашылық және қаржылық сияқты әдеттен тыс функцияларды өз мойнына алады. 

Өткен жылы Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Мемлекет басшысы елімізде креативті экономиканы дамытудың маңыздылығына тоқталып, бұл саланы дамытуда қаланы атап айтқан болатын.

Қазақстанда креативті индустрия саласында 17 мыңнан астам компания айналысады. Оның 8 мыңға жуығы Алматы қаласында орналасқан.

Сондықтан, Шымбұлақ тау курорты креативті хаб құру туралы шешім қабылдап, Алматы қаласында ауданы 1100 шаршы метр креативті кеңістіктің дизайн тұжырымдамасын әзірлеу үшін арнайы байқау жариялайды. 

«Креативті хаб – бұл әртүрлі адамдар жиналатын физикалық немесе виртуалды кеңістік. Креативті хаб шығармашылық, өнер және технологиялық алаң өкілдерін біріктіретін және нетворкинг, бизнесті дамыту, әртүрлі саладағы қауымдастықтармен өзара әрекеттесу процесі өтетін модератор алаң ретінде жұмыс жасайды».

 Байқау жұмыстары 29 маусымнан 29 шілде аралығында қабылданады, жеңімпаздар 2022 жылдың 10 тамызында жарияланады, олар жобаны жүзеге асыру мүмкіндігіне, ақшалай және басқа да ынталандыру сыйлықтарына ие болады.

Байқау нәтижелері туралы ақпарат «Шымбұлақ» тау курортының және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ сайтында немесе әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Байқауды ұйымдастыру, өту және нысанға бару мүмкіндігі туралы ақпаратты +7 727 331 77 77 телефоны арқылы алуға болады немесе info@shymbulak.com электронды поштасына жазуға болады.

Достарыңызға айтыңыз: