Red Wings Қазан қаласынан Алматыға ұшуды бастады

Жақында Red Wings әуекомпаниясы Қазан-Алматы және Алматы-Қазан бағыты бойынша алғашқы рейстерін орындады, деп хабарлайды Kazakh Tourism баспасөз қызметі.

Алматы Орталық Азияның ең ірі, іскерлік және рекреациялық туризм үшін ең дамыған және қызықты қаласы болып табылады. Ал Қазан – Ресейдегі ең тартымды және серпінді аймақтық қалалардың бірі. Сондықтан әуекомпанияның өкілдері жаңа бағыт Татарстан мен Алматы тұрғындары үшін сұранысқа ие болады деп есептейді.

Бірінші рейсте Қазаннан 97 жолаушы ұшса, ал Алматыдан алғашқы рейсте 95 адам тасмалданды. Қалалар арасындағы екінші рейстер алдымыздағы жексенбіде, 3 шілдеде өтеді, олардың жүктемесі 100% ға жақын болады деп күтілуде.

Бұл бағытта сыйымдылығы 100 адамдық SSJ100 заманауи жайлы ұшақтары қолданылады.

Ағымдағы жазғы кестеде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады деп жоспарлануда.

Red Wings осы маусымда Қазақстан мен Ресей қалалары арасындағы негізгі тасымалдаушылардың бірі болды. Алматыда әуекомпания Мәскеу («Жуковский» әуежайы), Қазан, Екатеринбур және Самарадан ұшады, 16 шілдеде Махачкала-Алматы рейстері басталады. Мәскеу мен Екатеринбургтен Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларына рейстер де орындалады.

 

Red Wings Airlines әуекомпаниясымен байланыс

Александр Воробьёв – баспасөз хатшысы

mob./whatsapp: +7 909 637 2511

tel.: +7 (495)229-25-30 (ext.#750)

email: a.vorobiev@flyredwings.com

Достарыңызға айтыңыз: