4 шілдеде Астана күнін мерекелеу аясында «Neo Nomad 2022» акциясы басталды.
Іс-шараға мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев, Kazakh Tourism, Astana Invest, туристік бизнес өкілдері, тревел блогерлер мен гидтер қатысты.
Белсенді демалысты ұнататын Қазақстандықтардың саны артып келеді, сонымен қатар елімізде көптеген әдемі және қызықты орындар бар екенін ескере отырып, «Neo Nomad 2022» ауқымды жобасымен осы орындарды біріктіру идеясы туындағанын атап өтті, өз құттықтау сөзінде Мәдениет және спорт вице-министрі.
Жобаның мәні Қазақстан ішінде туристер келуге ұсынылатын орындардың тізімін қалыптастыру болып табылады. 
Ал туристер, өз кезегінде, бұл жерлерде арнайы фотоспоттарда суретке түсуі тиіс.
«Қазіргі заманғы көшпенді» NEO Nomad 2022» атағын жыл бойы Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі 20 туристік фотоспотта суретке түскен турист алады», - деп атап өтті Е.Еркінбаев.
 
Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын локациялардың тізімі:
 
1. Нұр-Сұлтан қ. - «Бәйтерек» монументі
2. Алматы қ. - «Шымбұлақ» тау курорты​
3. Ақмола облысы - Зеренді көлі
4. Ақтөбе облысы - Ақтолағай үстірті
5. Алматы облысы - Таңбалы петроглифтері
6. Атырау облысы - Сарайшық қалашығы
7. Батыс Қазақстан облысы – Көпестер үйі (Орал қаласы)​
8. Жамбыл облысы - Айша бибі кесенесі
9. Қарағанды облысы - Қарқаралы МҰТП​
10. Қостанай облысы - Науырзым қорығы
11. Қызылорда облысы - «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені​
12. Маңғыстау облысы - «Көгілдір шығанақ» 
13. Түркістан облысы - Сауран қалашығы
14. Павлодар облысы - «Кемпіртас» жартасы «Баянауыл» МҰТП ​
15. Солтүстік Қазақстан облысы - Имантау көлі​
16. Шығыс Қазақстан облысы – «Берел» мұражай-қорығы
17. Шымкент қаласы - «Цитадель» тарихи кешені
18. Абай облысы – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени кешені
19. Жетісу облысы - Жасылкөл көлі
20. Ұлытау облысы - «Жошы Хан» тарихи-мәдени орталығы
 
          Елордада алғашқы фотоспот ашылғаны кездейсоқ емес. Нұр-Сұлтан әлемдегі ең жас және жылдам дамып келе жатқан қалалардың бірі болғандықтан,  жыл сайын ішкі және шетелдік туристерді бірдей тартады.
Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев «Neo Nomad 2022» жобасының салтанатты ашылуы барысында Қазақстан астанасының туристік әлеуетіне тоқтала кетті:
          «Қалада туризм саласы қарқынды дамып келеді. Қала елдегі басты тартымды орындарының қатарына кіреді. Он жыл ішінде туристер мен қонақ үйлердің саны екі есе өсті. Мұндай фотоспоттар сияқты заманауи тарту нүктелерінің ашылуы қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын арттырады».
Жоба авторларының ойынша, туристер тізімдегі орындарға барған кезде фотоспорттарда суретке түседі және оларды әлеуметтік желілерде #NeoNomad2022 тегімен жүктейді. Осылайша ұйымдастырушылар акцияға қатысатын туристерді тег бойынша бақылап, олардың рейтингтерін апта сайын жариялап отыруға мүмкіндік алады. 
Қорытындысы ағымдағы жылдың соңында өтеді, оның барысында ең көп орынға барған қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады. 
Жобаны кеңінен жария ету және акцияның форматы өңірлердегі бірегей орындарға назар аударуға, халықтың ішкі туризмге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа орындарды танымал ету осы өңірлерде экономикалық белсенділік пен жұмыспен қамтуға алып келеді.
Туристік бизнес өкілдері мен қатысушылар «Neo Nomad 2022» жобасын қолдап, гранд-маршруттарды нақты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Жобаның мақсаттары мен идеялары үшін алғыстарын білдірді.

Достарыңызға айтыңыз: