13 қазанда Халықаралық қолөнершілер форумының салтанатты ашылуы өтеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Құрметті БАҚ өкілдері!

13 қазан күні сағат 10:00-де Алматы қаласында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде Еуропадан, Орталық Азия елдерінен келген шеберлердің және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150-ден астам қолөнершілердің қатысуымен халықаралық қолөнершілер форумының салтанатты ашылуы өтеді.

Форумға мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Әсия Ақанова, «Атамекен» ҰКП Президиумының мүшесі, Туристік сала комитетінің Төрағасы Юлия Якупбаева, Қазақстанның Алматыдағы АҚШ Бас консулы Кэролайн Сэвидж, Қолөнер, Harper's Bazaar и Vogue журналисті және редакторы, қолөнер, дизайн және өмір салты бойынша маман Эчавария Марселла, ҚР Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова, «Aigul line» брендінің негізін қалаушы, Qazaq-Oner» Ұлттық Ассоциациясы» Президенті Айгүл Жансерикова, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Baqytty otbasy» орталығының директоры Ырза Тұрсынзада, Арт-менеджер, дәстүрлі табиғи ішектер шебері Бабыр Арғынов, Born Nomad директоры Айка Әлемі, Алтын адам қауымдастығының жетекшісі Динара Бакирова және басқа да шеберлер мен қонақтар қатысады.

Сондай-ақ, форум аясында 14-15 қазанда Қазақстандық өнімдер жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары, семинарлар, Korpe Fest және BORN NOMAD POWER AWARDS 2022 байқауының қорытындысы шығарылады.

Халықаралық форум аясында өтетін отандық қолөнершілердің жәрмеңкесінде керамика, киіз, тоқыма, зергерлік өнер, жібек шаруашылығы және басқа да қолөнер түрлерінің өнімдері ұсынылады.

Сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін қолөнершілер пікірталас сессияларын өткізеді:

1. Қазақстанда қолөнер бизнесін дамыту;

2. Қазақстанда қолөнершілікті дамыту жолдары мен мүмкіндіктері;

3. Қолөнер индустриясы, бизнес, экономика;

4. Қолөнер тұрақты даму ретінде.

Іс-шара дәстүрлі қолөнерді сақтау және оны одан әрі дамыту, мұраны жандандыру және танымал ету, сондай-ақ дәстүрлі қолөнердің заманауи интерпретацияларын және халықтық қолданбалы өнер мен басқа да шығармашылық индустриялардың колоборациясын құру бойынша түрлі аймақтық бастамаларды біріктіру мақсатында өткізіледі.

Анықтама: BORN NOMAD POWER AWARDS 2022 - бұл халықтық-қолданбалы өнер шеберлеріне, қолөнершілер мен креативті индустрия өкілдеріне өздерін танытуға, идеяларды коммерцияландыру, қазақстандық және экспорттық нарықтарда өнімді жылжыту ілгерлету дағдыларды алуға, сондай-ақ қазылар алқасы мүшелерінің, қолөнер, дизайн, сән, туризм және креативті индустриялар кәсіпқойлары, сарапшылар мен инсайдерлерінің құнды кеңестерін алуға мүмкіндік беретін байқау.

 

Өтетін күні және орны:

13 қазан – форум, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі (Самал-1, 44 үй),

13-14 қазан – Korpe Fest, ҚР мемлекеттік орталық музейі (Самал-1, 44 үй),

14-15 қазан – жәрмеңке, Ә. Қастеев атындағы өнер музейі (Көктем-3, 22/1 үй),

14-15 қазан – жәрмеңке, Visit Almaty туристік хабы (Абай даңғылы 44)

БАҚ тіркеу уақыты: 10.00 сағат.

БАҚ өкілінің деректерін a.serikpayeva1@gmail.com электрондық поштасына немесе 87079335917 нөміріне ағымдағы жылғы 12 қазан сағат 17:00-ге дейін жіберуді сұраймыз.

Достарыңызға айтыңыз: