Jerim-ai фото және бейне байқауы. Табиғат шабыттандырады. Табиғат жақындастырады.

Qazaq Geography, Visit Sharyn және Visit Altyn Emel кәсіпқойлар мен әуесқойларды Jerim-ai фото және бейне жобалар байқауына қатысуға шақырады.

Қазақстанның ұлттық саябақтарының табиғатынан шабыт алып, керемет сыйлықтар ұтып алыңыз!

Байқау 18 жасқа толған барлық тілек білдірушілер, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ ел қонақтары үшін ашық.

Байқау жеңімпаздарын демеушілерден бағалы сыйлықтар күтеді.

Сонымен қатар, жеңімпаздардың жұмыстары мен қатысушылардың үздік жұмыстары дүниежүзілік қорықтар мен ұлттық парктер күніне орайластырылған Алматы қаласындағы көрмеде ұсынылады.

Байқаудың мақсаты - Шарын және Алтын Емел ұлттық табиғи парктеріне деген қызығушылықты арттыру, экотуризмді және ұлттық саябақтардың табиғатын сақтау идеяларын насихаттау, фото және видео өнерді дамыту, сондай-ақ шығармашылық сала өкілдерін қолдау.

Жұмыстар келесі санаттарда қабылданады:

1. Пейзаж (табиғи нысандар, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдері, тарихи-мәдени нысандар, панорамалық көріністер, макротүсірілім);

2. Ұлттық саябақтардың флорасы мен фаунасы;

3. Сюжет (уақыт пен кеңістікте түсірілген портреттер, оқиға немесе әрекет);

4. Түнгі түсірілім;

5. Бейне (сюжеттер).


Әр санатта бір жеңімпаз анықталады.

Сонымен қатар, көрермендердің көзайымы негізінде бір жеңімпаз анықталады.

Байқау кезеңдері

1 кезең: жұмыстарды қабылдау - 2022 жылғы 7-27 қараша аралығында

2-кезең: қазылар алқасы мүшелерінің әр санаттағы ең жақсы жұмыстарды таңдауы 2022 жылғы 28 қарашадан 4 желтоқсанға дейін

3 кезең: 2022 жылдың 5-11 желтоқсаны аралығында ұйымдастырушының әлеуметтік желілерінде онлайн дауыс жүргізу

4 кезең: жеңімпаздарды жариялау - 15 желтоқсан 2022 ж.

Жұмыстарды ұйымдастырушылардың, ұлттық парк қызметкерлерінің, саяхатшылардың, фотографтардың, видеографтардың және саяхатшы-блогерлердің өкілдерінен тұратын құзыретті қазылар алқасы іріктейді.

 

Жүлде қоры

"Пейзаж" санаты

Rixos Khadisha Shymkent-те екі адамға бір күнге жолдама. Сыйлық демеушісі - Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйі.

"Флора және фауна" санаты

Іле-Алатау ұлттық саябағында бір тәулікке cabin-де тұру және Аюсай визит орталығында екі адамға арналған дәмді кешкі ас.

Сыйлықтың демеушісі - Тau-Tas және Аюсай визит орталығы.

"Сюжет" санаты

Esentai Fit+Spa премиум фитнес клубына үш айлық жазылым. Сыйлық демеушісі - Esentai Fit+Spa.

"Түнгі түсірілім" санаты

Керемет Rixos Turkistan-да екі адамға бір тәулікке жолдама және таң қалдыратын тарихи Түркістанға экскурсия.

Сыйлық демеушілері - Rixos Turkistan қонақ үйі және Visit Turkistan.

"Бейне" санаты

Esentai Fit+Spa премиум фитнес клубына үш айлық жазылым. Сыйлық демеушісі - Esentai Fit+Spa.

 

Көрермендердің көзайымы сыйлығы

Жаяу серуендеуден және физикалық белсенділіктен кейін денені қалпына келтіруге арналған жинақ және SPF-жемпір.

Сыйлық демеушісі: LULU

Көрермендердің көзайымы сыйлығы

Портфолиоңызды фотографтарға арналған арнайы маркетплейсте бір жылға орналастыру

Сыйлық демеушісі: Capture School

 

Байқаудың барысын қадағалап, қатысушылардың ең жақсы жұмыстарын бірінші болып көру үшін, Jerim-ai конкурсы туралы ережемен, конкурстың толық шарттарымен және жұмыстарға қойылатын талаптармен танысу үшін @visit.sharyn @visit.altynemel парақшаларына жазылыңыз!

 

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Достарыңызға айтыңыз: